Тақырыбы: ҚРҚк жарғылары әскери қызметтің, ішкі тәртіптің, қызмет атқаруды



бет5/8
Дата04.12.2022
өлшемі0.58 Mb.
#466418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Òà?ûðûáû ?Ð?ê æàð?ûëàðû ?ñêåðè ?ûçìåòò³?, ³øê³ ò?ðò³ïò³?, ?ûçìå

Әскери тәртіпті Б.Момышұлы былай түсіндіреді. “Тәртіп қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру: “Солдат болу оңай емес, басқаның еркіне мойын ұсыну жеңіл емес, бірақ сен бұйрықты, командыны сөзсіз орындауға тиіссің,тіпті бұйрық саған ұнамай тұрған күннің өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек”- деп жарғыдағы бұйрықтың талқыланбай орындалуын ескертеді. Ал,күш-қайрат ұғымы Б.Момышұлы сөзімен айтқанда:Қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі, алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, бұлшық ет күштерін жұмылдыру.” “Ерлік-табиғат сыйы емес, ең алды мен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, қауіп-қатеріңді бөлісіп, жауды барынша жою, жанға –жан, қанға –қан,аяусыз деп кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп –қатерге бас тігу”

“Бауыржан Батырдың Тәбәрік” Армия- мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардын қорғауға арналған ұйымдасқан, тәртіпті мемлекеттің Қарулы Күші,армияда адамның рухани күші мен қажыр қайраты, қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін,қатаң тәртіпке бағынады. Армия дегеніміз-ең саналы әрі парасатты адамдар тобы екенін түсіну керек.Әскерге жоғары,асқақ сезім,жалпы табанды ерік-жігер,тамаща ұйымшылдық,жоғары мінез –құлық тән. Ерік- өз бетінше дұрыс та,парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға қабілеттілік,яғни ақыл-ойдың сезімімен үйлесімді жұмысы,сезімнің ақыл-ойға бағынуы. Назар- ерік-жігердің алаңдаушылық күйі.Өзінің барлық болмысымен құбылысты тану,қабылдау және міндеттерді айқындау мақсатымен мида қорытуға көңіл аудару. Ынтасыздық-әр түрлі себептермен ерік жігердің босаңсуы,жинақсыздығы тұрақсыздығы. Салақтық-істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі,нашарлауы,божырауы. Күш,қайрат-қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі,алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ойға,жүйке,бұлшық ет күшін жұмылдыру.. Табандылық-барлық күш –қуаттың арту ширығу күйі,сәтсіздіктің тақсіретін басу,белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу. Өзін-өзі ұстай білу-ақыл-ойды,ерік-жігерді, құлшынысты, сезімді өз еркіне бағындыруға,адамның бұл қасиеттерін ұрыс жағдайына байланысты тең пайдалана білуге,сабырлы әрі парасатты шешім қабылдауға қабілеттілік. Инициатива,бастаманы қолға алу – әркімнің өз қалауына, еркіне қарай, жауапкер-шілікті өз мойнына алып,әрекет ету қабілеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет