Тақырыбы: Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы Орындаған: Түйебаева С.Қ Тексерген



бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі36.41 Kb.
#486999
түріСабақ
1   2   3   4   5
stud.kz-35488

Жаңа бөлімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалын өтетін сабақ.

  • Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.

  • Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.

  • Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.

  • Қайталау – қорыту сабағы – өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау – қорыту сабақтары.

  • Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.

  • Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.

  • Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.

    Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
    С.В.Сванов бойынша:

    1. Кіріспе сабақтары.

    2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.

    3. Жаңа білімді меңгеру сабағы

    4. Дағдылану сабағы

    5. Қайталау,пысықтау және қорыту сабақтары

    6. Бақылау сабағы

    Б.П.Есипов бойынша:

    1. Аралас сабақтар

    2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы

    3. Пысықтау сабағы

    4. Қайталап жинақтау , қорыту сабағы

    5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы

    6. Білім сынау сабағы

    7. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы

    8. Жаттығу сабағы

    3. Сабақтың типтері және құрылымы:
    Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек.
    Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
    Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген.
    Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар:
    1) аралас сабақ;
    2) жаңа материалды оқу;
    3) жаңа іскерлікті қалыптастыру;
    4) білім, іскерліктерді бекіту;
    5) жинақтау және жүйелеу;
    6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;
    7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
    Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
    Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.
    Жаңа оқу материалын оқу сабағы
    Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
    Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
    Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.
    Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Мысалы, қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып, соңғы сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады.
    Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
    Білімді тәжірибеде қолдану
    Оның кезеңдері:
    • ұйымдастыру;
    • мақсат қою;
    • үй тапсырмасын тексеру;
    • білімді еске түсіру;
    • білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
    • оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
    • үй тапсырмасын беру.
    Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі.
    Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады.
    Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
    Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
    Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу.
    Кезеңдері:
    • ұйымдастыру;
    • мақсат қою;
    • білімді еске түсіру;
    • нұсқау;
    • құрал-жабдықтарды іске қосу;
    • эксперимент және оны бақылау;
    • бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
    • есеп жазу;
    • есепті мұғалімге тапсыру.
    Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған іскерлік пен дағдыларды талап етеді.
    Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік жүргізеді.
    Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп, оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді.
    Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.
    Кезеңдері:
    • ұйымдастыру;
    • мақсат қою;
    • білімді еске түсіру;
    • нұсқау;
    • тәжірибелік жұмыс;
    • жұмыс нәтижесін шығару.
    Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
    Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды. Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады.
    Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс істейді.
    Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
    Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді.
    Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
    Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. 
    Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
    Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
    • оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару;
    • есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
    • есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;
    • оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;
    • мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
    • есте сақталған мәліметтерді анықтау;
    • қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
    • білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.
    Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
    • сабақтың басын ұйымдастыру;
    • оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;
    • іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
    • біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс істету;
    • білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
    • дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
    • үйге тапсырма;
    • оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
    Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
    • оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
    • оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
    • оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
    • олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
    • қателерді талдау және оларды түзету;
    • қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
    • қайталау сабағының құрылымы;
    • ұйымдастыру бөлімі;
    • білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
    • негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
    • тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;
    • үйге тапсырма.

    Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:


    • сабақтың мақсатын қою;
    • жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
    • бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
    • жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
    • жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
    • іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
    • үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану;
    • іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
    • шығармашылық жаттығулары;
    • сабақтың қорытындысы;
    • үйге тапсырма.
    Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту.
    Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
    Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
    • мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
    • оқушылардың сұрақтарына жауап;
    • оқушыларға тапсырма беру;
    • тапсырманы тексеру;
    • үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
    Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
    • ұйымдастыру бөлімі;
    • тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің кіріспе сөзі;
    • жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар беру;
    • оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
    • оқылған материалды қорытындылау;
    • сабақтың нәтижелеріне баға беру;
    үйге тапсырма.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет