Тақырыбы: СӨЖ тапсырмасы



Дата28.02.2022
өлшемі73.73 Kb.
#455834
Шайманов Асылжан цифрлық


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Математика,физика және информатика институты


Цифрлық технология

Тақырыбы: СӨЖ тапсырмасы



Орындаған:Шайманов Асылжан
Тобы:МФК-204
Тексерген: Жамкеева Айкенже

Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері
XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, алпауыт елдердің арасында иық тіресердей болу үшін бізге ең алдымен білім қажетті. Қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер бар. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндамасында «Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған, – деді. Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет. Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.
Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Мәселен, мысалы, Англияның Гранж мектебі мектептің ішіндегі «қала» сияқты жасалған. Гранж мектебінде телевизия мен радиостанциялар құрылып, балаларға әлем шынайылығындағы жағдайларды түсінуге көмектеседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің әкімшілік және басқарушы қызметкерлеріне қажет.
Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді. Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады. Цифрлық қоғам құру үшін білім беру жүйесін озат әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту қажет. Креативтік және сыни ойлауға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын қолдануға ден қойылуда. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салалар цифрлы форматта дамып келеді. Бұл үрдіс қазірдің өзінде экономиканың құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа беріп отыр.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі-электрондық оқулықтар. Біз электрондық оқулықты ғылым негіздері қамтылған ғылыми педагогикалық өнім ретінде қарастырамыз. Электронды оқулықты жасаудың концептуалдық негізі модулдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Оқытудағы ақпараттық технологияны оқу процесінде тиімді пайдалану оқу материалдарын меңгерудің мықты болатынын дәлелдейді және білімді игеру сапасын көтеруге, оқыту кезендерінде активтілікті, ынтаны күшейтуге әсер етеді. Оқытудағы ақпараттық технологияны оку үрдісінде пайдалана отырып, оқушыларды тәрбиелеуге, олардың жеке-дара және ұжымда дамуына жол ашуға болатыны дәлелді ашылды. Оқушының оқу іс-әрекеттерін қалыптастыруға, жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған қолданбалы функциялар қарастырылды.
Қазіргі кезде ақпарттандыру және білімді ақпараттандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кең таралуымен және жетілдірілуімен сипатталады. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Олар ақпаратты тасымалдау үшін қолданылады және жаңа білім беру жүйесіндегі оқытушы мен оқушының өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты оқытушы ақпараттық және телеқатынастық технологиялар аясындағы білімді меңгеріп қана қоймай, өзінің кәсіптік іс-әрекетінде пайдаланудың білікті маманы болуы қажет. Мұндай мақсатқа қол жеткізудің жолы — білімді ақпараттандыру аясында білімді ақпараттандыруды іс-әрекет ретінде қазіргі және болашақ педагогтарға да оқыту керек. Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары мен технологиялары, оқыту әрекетін ақпараттандырудың әдістері, ақпараттық оқыту орталарын қалыптастыру негіздері, ақпараттық технологияларды пайдалануға педагогикалық кадрлардың дайындығын қалыптастыру мәселелері алынғаны жөн.
Сандық кәсіптік білім берудің дидактикалық принциптері ашық және олардың жаңалығына байланысты сандық білім берудің теориялық және практикалық мүмкіндіктері дамыған сайын толықтыруларды қажет етеді.
Білім беруді цифрландырудың нәтижелері жеке білім беру процестеріне және білім алушы қызметінің үздіксіз мониторингіне негізделген тиімді дербес білім беру болады. Цифрландыру сабақтардың топтық және жеке нысандарын пайдалану мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, кәсіби білім мен дағдыларды толық меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ инклюзивті оқытудың дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет