Тақырыбы: Сөз таптары
І деңгей тапсырмалары:
Сөздерді оқып, оларға сұрақ қой. Сөздерді сөз таптарына талда.
Құмыра, алтау, әсем, қуыршақ, келе жатыр, қауіпсіз, гүлзар, жиырма үш, бейнеленген, қамшы, елгезек, Қаскелең, асау, сарбаз, жүз он бір.
Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Жұмбақты сөз таптарына талда.
Ақтылы қой шұбырып,
Жайыла алмай келеді.
Қойшы қуып, жүгіріп,
Қайыра алмай келеді.
/ Бұлт, жел /
Өтірік өлеңді сөз таптарына талда. Сан есім қай сөзбен байланысып тұрғанын тап.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Күн көзі өте қоймайтын
Үй қаладым қар – мұздан
Футболшылар ойнайтын
Доп жасадым қарбыздан.
ІІ деңгей тапсырмалары:
Жаңылтпашты жатқа жаз. Сөз таптарына талда.
Ақ шар ұшты,
Көк шар ұшты
Көп шар ұшты
Бес шар ұшты.
Берілген зат есімдерге тиісті сын есімдерді қосып, мағынасына қарай етістік ойлап жаз.
Әңгіме , көбелек, бұлт, асқабақ, бұрым, халық, бойжеткен,
орман, жазу.
Керекті сын есімдер: Ұзын, ақша, әсерлі, алып, өнерлі, ұзын,
ну, көркем, сұлу.
Үлгі: Әсерлі әңгіме айтылды.
«Сыңарын тап» ойынын ойнап көр. Араласқан сөздердің ішінен сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін тап.
Орман, үлкен, тәтті, жасыл, сай, қалың, жидек, бұлақ, шырша,
мөлдір, терең, машина.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді сөз таптарына талда.
Самал қуыршаққа көйлек ... . 2. Бағдат ... хат жазды. 3. ... мақтанса, іс тындырар, ақымақ мақтанса ... сындырар.
Достарыңызбен бөлісу: |