Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет9/18
Дата25.01.2024
өлшемі57.64 Kb.
#489839
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Тәрбие сағаты. Тақырыбы «Табиғатты аялайық!»

IX слайд 
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: 
Думан: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат. 

Ділназ: «Егер табиғатқа тіл бітсе, Семей табиғаты, оның бүгінгі хал-жағдайы туралы былай дер еді: Семей, өңірінің тұрғындары! Жайқалған орманым қайда? Оның ағаштарын есепсіз кестің. Соның салдарынан қалаңда азынаған жел соғатын болды. Аспанға құм ұшып жатыр. Ал оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесің бе? Егер ұрпағыңның болашағын ойласаң , орманыңды қалпына келтір, адамзат!» 
Балжан: «Егер табиғатқа тіл бітсе, ол Семей полигоны туралы былай деп айтар еді: Адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен менің ауамды ғана улаған жоқсың, ұрпағыңды мүгедек еттің. Осы жарылыстың салдарынан қаншама адам бүкіл өмірін жылаумен өткізіп келеді. «Кім кінәлі?» деген сұраққа олар, «маңдайыма жазылғаны осы» дейді». Бірақ бұған тек адамдар кінәлі, полигон –адам қолымен жасалған қастандық. Менің ауам тазарар, бірақ ұрпағыңның денсаулығын қайтадан қалпына келтіре алар ма екенсің?- деп айтар еді Табиғат» 
Х слайд 
б) «Егер мен суретші болсам...»
(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет