Әлеуметтік- құқықтық модулъ
қазакстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
құқыктық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;
әскери-патриоттық тәрбие;
экономикалық және еңбек мәдениетіне (кәсіби бағдар) тәрбиелеу;
отбасылық тәрбие;
гендерлік тәрбие және отбасылық өмірге дайындық.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің модулі
рухани-адамгершілікке тәрбиелеу; этникалық (ұлттық) мәдениетке тәрбиелеу;
төзімділікке (толеранттыққа) және көпұлтты, көпдінді орта жағдайындағы ұлтаралық қарым-катынастар мәдениетіне тәрбиелеу;
Жалпыинтеллектуалъды даму модулі
танымдық мүдделерге тәрбиелеу;
интеллектуальды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыру;
Жалпымәдениеттілікті тәрбиелеу модулі
талғам мәдениетін тәрбиелеу;
экологиялық мәдениетті тәрбиелеу;
салауатгы өмір салты дағдысын қалыптастыру;
дене еңбегі мәдениетін қалыптастыру;
Бүгінде тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру тұлғалық- бағыттаушылық тұрғыда негізделуге тиіс.
Әрбір оқушы тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде болу кұқығы, сондай-ақ жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасау, тұлғаның өзін-өзі ашуы мен өз ойын еркін жеткізу қажеттілігін қалыптастыру. Әлеуметтік қарым -қатынастардың өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарау маңызды, себебі оқушылар ерік-жігерді талап ететін, өмірде кездесетін шынайы жағдайларға араласады, бұл жағдайлар оларға басқалардан ерекшеленіп жақсы жағынан керінуге мүмкіндік туғызады. Бала тұлғасы өмірін адамгершілікке байытатын және өмірдің мәнді де маңызды мәселелерін шешуге ұмтылыс жасайтын жасанды жағдаяттар мен жағдайлар жасалады.Бүгінде мұғалімнің оқушы бойына қалыптастыратын нақты іс-әрекеті оларды дағдыға үйрету, бағалау пікірін калыптастыру, шығармашылық пен қайта өңдеуге кабілеттілігін, тұрақтылық (жігер) пен ерікті тәрбиелеу сияқты белгілі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталып баланың өмірде, қоғамда тандаған істерінде нәтижелі болуына көмектеседі.
Тәрбиелік тұрғыдан тәрбиенің төмендегідей түрлері мен әдістері ұсынылады:
Достарыңызбен бөлісу: |