Тақырыбы: «Тәуелсіз ел – Қазақстан!» Мақсаты



бет1/4
Дата11.09.2023
өлшемі63.75 Kb.
#477174
  1   2   3   4
«Тәуелсіз ел – Қазақстан!» тәрбие сағаты 11-сынып


Тақырыбы:  «Тәуелсіз ел – Қазақстан!»
Мақсаты: 1.Туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу ;оқушының өз ұлтына деген елжандылық сезімін қалыптастыру.
2.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

  1. Оқушылар бойындағы отансүйгіштік-патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.


Көрнекілік: Слайд-шоу,Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Түрі: Ауызша журнал
Барысы:
І. Тарихи оқиғалар тізбесі / тәуелсіздікке жету жолында еліміздің тарихи кезеңдерін күнтізбе парақтарынан көрсетіп, әр кезеңді қойылым, өлеңжолдарыноқумен көрсетіп отырады. /
Мұғалім: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
Күнтізбе №1
Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталып қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
Көрініс: «Қаз дауысты Қазыбек би» / Жоңғар ханының ордасы. Хан тақта отыр./
Уәзір: - Тақсыр, қазақтар келіп тұр.
Хан : -Кірсін! Иә, қазақтар, неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!
Қазыбек би: - Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет