Тақырыбы: «Тіл-өнер меңгере біл, ойыңды әсем көмкере біл»



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі25.24 Kb.
#469212
1   2   3   4
30.09.2022ж 7Б Тәрбие сағаты

2-жүргізуші:— Бүгінгі кешіміз екі бөлімнен тұрады.
І бөлім: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы..»
ІІ бөлім: «Тілімде менің сыры терең жаным бар»
І бөлім: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы..» атты мәнерлеп оқу сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!(
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдердің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
Сыныптың оқушылары тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдермен жеткізеді.)
Сагидуллиева Сатыпалды 10 сынып оқушысы «Мен қазақпын»Ж.Молдағалиев
6 сынып оқушысы «Үш бақытым»М..Мақатаев
6сынып оқушысы «Тіл сенің» Ә.Әбілов
6 сынып оқушысы «Тілім менің» Қ.Мырзалиев
1-жүргізуші: Қазағымның кең пейіл дархандығы,
Кіршіксіз таза көңіл, адалдығы.
Сыйдырып өз жеріне барлық ұлтты,
Бағасы көпшілікке өте құнды.
Біздің ауылда да басқа ұлт өкілдері бар.
6в сынып оқушылары
1-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің мақтанышы.
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-ы
Халқын сүйіп жарытпас,- деп қырғыз ақыны Б.Сарноғаев айтқан болса, сынып оқушыларының «Төле бидің жұмбағы» атты көрінісін тамашалайық.
(Сахнада мұңды күй орындалады. Үш би шығады)
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білесің, сөз танығыш жастарға жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Дауыс: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің- бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің- егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің- үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегенің- төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің- белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің- асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің- жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің — серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің- торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің- кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да тілі де жүйрік, тұлпарым!
Қазыбек би:. Ал,Әйтеке, халқыңа сен не айтасың?
Әйтеке: Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Ту көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Тіл қадірін білер болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет