Тақырыбы: Тыныс алу жүйесін зерттеу


сурет. Сиыр мен бұқаның өкпесінің топографиялық шекарасы



бет3/4
Дата06.12.2022
өлшемі102.94 Kb.
#466662
1   2   3   4
№4 диагностика

13 сурет. Сиыр мен бұқаның өкпесінің топографиялық шекарасы


Н-мықын сызығы; Б-иық буыны сызығы; А-жауырын алды; Ə- көкіректік нұқып зерттеу (перкуссия) аймағы. Сандар – қабырғалардың реті. а – қатты жəне ə - көмескі атимпаниялық дыбыстар; б көмескі
тимпаниялық жəне в доғал, жай дыбыстар.

Жауырын алды нұқып зерттеу (перкуссиялық) алаң иық бұрышының үстінде, жауырынның дəл алдында орналасады. Қоңды, жақсы дамыған малдарда бұл алаң 2-3 саусақтық жолақ болса, арық малдарда жалпақтау келеді. Алдыңғы аяқты артқа қарай ығыстырғанда бұл алаң кеңейіп, 1-3 қабырға аралықтарына дейін жетеді. Өкпенің артқы шекарасын анықтау үшін нұқып зерттеуді үш көлденең сызықтық бойымен жүргізеді:



Күйіс қайыратын малдарда мықын сызығы мен шонданай төмпешегі сызығы сəйкес келетіндіктен топографиялық перкуссияны мықын жəне иық буыны сызықтары бойымен жасалады.
Мүйізді ірі қара мен қой, ешкіде сол жақ өкпенің артқы шекарасы мықын сызығында, 12-иық буыны сызығында 9-қабырғаға дейін анықталады.
Оң жақ өкпенің артқы шекарасы мықын сызығында 11-қабырғаға дейін, иық буыны сызығында 9-қабырғаға дейін.
Жылқыда оң жəне сол жақ өкпе мықын сызығында 17-ші, шонданай төмпешегі сызығында 15-ші, ал иық буыны сызығында 9-қабырғаға дейін анықталады.



14 сурет. Жылқы өкпесін нұқып (перкуссиялық) зерттеу аймағы


Жылқы өкпесінің перкуссиялық шекарасы: Н-мықын сызығы; Б-иық буыны сызығы; Е-шонданай сызығы. Сандар қабырғалардың реті. а
қатты жəне ə - көмескі атимпаниялық дыбыстар; б – көмескі тимпаниялық жəне в доғал, жай дыбыстар.

Түйеде сегізкөз төмпешегі сызығында 12-ші, мықын сызығында 10-шы, иық буыны сызығында 8-ші қабырғаға дейін өкпенің артқы шекарасын анықтауға болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет