Тақырыбы: Тұлға – саналы таңдау және өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар



бет15/16
Дата05.12.2022
өлшемі58.82 Kb.
#466558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тұлға саналы таңдау және өзінөзі анықтау субъектісі ретінде.

Профессионал студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми ұжымдар жұмысына қызықпайды және сирек қатысады, өйткені тәжірибеге бағытталған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады, барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындайды. Спортқа да көңіл бөліп жүреді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Беделді.

  1. Академик. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған, тек беске оқиды. Университетті бітіргеннен соң аспирантура, магистратура т.б. оқу орындарында білімін шыңдауға бағытталған, сондықтан ғылыми-зерттеу жұмыстарын өте көп уақытын бөледі.

  1. Қоғамшыл. Қоғамдық жұмыстарға өте бейім және құмар, сондықтан ол сабақтардан да қоғамдық жұмысқа көбірек уақыт бөледі, сондықтан үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін. Дегенмен ол мамандығын дұрыс таңдадым деп есептейді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Досуг ұйымдастыруға шебер.

  1. Өнерсүйгіш. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарға сирек қатысады. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, оларды уақытында оқып, танысып жүреді, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Эстетикалық талғамы күшті дамыған, кругозоры кең, өнер жағынан білгіш.

  1. Еңбеккер. Мамандығын таңдауға көптеген факторлар әсерін тигізген, сондықтан болашақта кім болатынын анықтамаған. Қабілеті орта бірақ барлық күшін салып жақсы, ұқыпта оқиды. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығушылығы төмен. дегенмен ол кино мен эстраданы жақсы көреді. Дене тәрбиесі бағдарламаға сай.

  1. Орташа. Оқу мәселесі жағдайға байланысты, онша күш жұмсамайды. Ол тек диплом алуды көздейді, ал жұмысты басқалардан кем орындамаймын деген сенімі күшті. Мамандық таңдауға онша көңіл берген жоқ. Бірақ оқуға түскеннен соң оны бітіру керек деп есептейді. Жақсы оқуға тырысады, бірақ кейде салақтыққа салынады.

  1. Көңлі қалған. Қабілетті, бірақ болашақ мамандығы еш ұнамайды. Бірақ ақуға түскеннен соң оны жақсы оқу керек, бітіру керек деген ойменен. Өзін қызығушылықтары бойынша жасаған әрекеттерімен жұбатып жүреді (спорт, өнер т.б. хобби).

  1. Жалқау. Зорға оқиды, дегенмен өзі оған қанағаттанады. Болашақ мамандық қызметі туралы қам жемиді. Студенттер мен оқытушылар оны «балласт» деп есептейді.

  1. Шығармашыл. Барлық жұмысқа шығармашылықпен қарайды. Сондықтан ол оқуда да, қоғамдық жұмыстада табысты. Дегенмен тер төгіп, шыдамдылықпен орындайтын тапсырмаларға онша емес. Сондықтан оның табысты болуы тұрақты емес. Кейде төмен баға алып қалады. Ғылыми жұмыстарда ерекше тақырыптар қызықтырады.

  1. Богемдік. Престижі жақсы факультеттерде жақсы оқиды. Басқа факультеттер студенттерін менсінбейді. Топта лидер болуға тырысады. Барлық нәрседен хабардар. Бірақ білімі жан-жақты емес, шектеулі. Өнерде тек мода болып тұрған ағымдарды ғана таниды. Барлық уақытта өз пікірі бар және басқалардан өзінің пікірімен санасқанды талап етеді. Кафе, ресторандардан шықпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет