10. Жеке тұлғаның адаптивтілігі
1. Адаптация туралы түсінік.
2. Студенттер типологиясы.
3. Мұғалімдер типологиясы.
Студенттердің ЖОО адаптациясы келесі құрамды бөліктерден тұрады:
А) мамадық адаптация. ЖОО оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және оқу мазмұнын меңгеріге тез икемделуі және өз бетімен ізденуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге икемделуі;
Б) әлеуметтік-психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның студенттік топтағы және оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемделуі, мінез-құлық стилінің қалыптасқандығы. Әлеуметтік-психологиялық адаптация барысында жеке тұлға көптеген ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дискамфортсыз қалыптастырады.
Адаптациядан тез өту студенттің барлық іс-әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші курс студенттерінің ЖОО адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:
формалдық адаптация, ЖОО құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік-танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.
Кей кезде балалардың үлгерімі нашарлауы өз бетімен өз өмірін ұйымдастыруға үйренбегендікпен, өз уақытын дұрыс пайдалану дағдысының қалыптаспағандығымен байланысты болады.
әлеуметтік адаптация, студенттер тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы университет ұжымымен интеграцияда болуы;
дидактикалық адаптация, студенттердің ЖОО оқу-әдістемелік жұмыстардың жаңа формаларына үйренуі.
Студенттердің оқу мотивациясын зерттеу негізінде типологиясы.
Лисовский В.Т. ұсынған типология:
Гармониядағы студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарды қызығып, дәйекті жүргізеді, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Жақсы дамыған, мәдениетті, ашық-жарқын, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Өз ұжымында беделді, сенімді жолдас.
Достарыңызбен бөлісу: |