Тақырыбы: Төрлет, төрлет жаңа жыл! Мақсаты



бет2/3
Дата09.12.2023
өлшемі21.37 Kb.
#486003
1   2   3
жаңа жыл

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
Оқушы: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректердің мұң лебі
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
Оқушы: Келді міне жаңа жыл аппақ болып 
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып қатпақ болып.
Оқушы: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Оқушы: Жаңа жылға сәніміз
Біздер айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем Аяз атамыз.
Оқушы: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге 
Береке ырыс келсін жерімізге 
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге.
Оқушы: Дала қандай тамаша
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Оқушы: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз ата: Уф-уф қандай ыстық мына жер, менің ұлпа қарларым қайда екен?
Жүргізуші: Ендеше ортаға ұлпа қарларымызды шақырамыз.
Танец Снежинки: Қыздардың барлығы шығып билйді.
Тақпақтар:
Оқушы: Жыл келеді бөлеп бізді алыс күнге
Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күнге
Үміті адамзаттың жарылқайды
Ойнаған күн нұрындай қар үстінде.
Оқушы: Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа әзір
Елге табыс жақсылық
Ала келші жаңа жыл.
Оқушы: Алай дүлей осы маң
Келеді бүгін қыс келіп
Терезенің тұсынан
Тұрады тынбай ысқырып.
Оқушы: Аяз келіп қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тонын киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Оқушы: Келеді Аяз атамыз
Қасында Ақшақары
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы аламыз баршамыз.
Оқушы: Жаңа жылда алдағы
Көңіл көбейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Оқушы: Ескі жылын ескеріп,
Жаңа жылын жарылқап.
Елімде болсын тыныштық
Бейбіт күнін жарқырап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет