Шому қағидаты. Сабақтардың ұзақтығы жұмыстың ең басында анықталуы тиіс. Оларды өткізу тәжірибесі әбден негізделген қорытынды үшін негіздеме береді: ірі уақыттық блоктармен – қандай да бір жұмысқа 3-4 сағатқа, кейде одан да ұзағырақ уақытқа шомумен жұмыс істеу кезінде аса жоғары әсерге қол жеткізіледі. Бұл қатысушыларды «босаңсытуға», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық үдерістерге эмоционалдық кірігуіне көп уақыт жоғалтылатындығымен байланысты. Мектеп жағдайларында тренингтік топтар мектеп кестесінің аясына әбден сыяды. Қосарлы сабақтарды және аптасына бір реттен кем емес өткізген дұрыс. Егер мүмкіндік болса, сабақтарды 2-3 күнге дейін тығыздандырып, күніне 6-7 сағаттан қарқынды тренинг өткізген мақсатқа сай болады. Және ықтимал нұсқалардың бірі ретінде – 24 сағатқа созылатын тренинг-марафон, бірақ оны тек дайындығы бар қатысушылармен ғана өткізуге болады.
Оқшаулану қағидаты. Оқушылардың өздерін ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімді болулары сөзсіз талап болып табылады. Егер
жүргізушіде сабақтардың аудио- немесе бейнежазбасын жүргізу қажеттілігі болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы тиіс. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың басым бөлігі қатысушылардың өздерінің осы материалмен кейіннен өздігінен жұмыс істеулері үшін арнайы жазылуы да мүмкін.
Бос кеңістік қағидаты. Сабақтарға арналған үй-жайда қатысушылардың еркін жылжу, шеңбер бойынша жайғасу, 3-5, 7-8 адамнан шағын топтарға бірігу, сондай-ақ оңашалану мүмкіндігі болуы тиіс.
Болашақ ұжыммен алғашқы кездесу тренингті дайындаудың маңызды элементі болып табылады. Ол, қағида бойынша, екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде топтық әңгімелесу жүреді, оның барысында кездесулердің мақсаттары, мерзімдері мен ұзақтығы және т.б. әңгімеленеді. Жиналғандар тренингке қатысу туралы шешім қабылдайды немесе қандай да бір себептерге байланысты бұдан бас тартады. Екінші кезеңде жұмысқа қатысуға нық шешім қабылдағандармен жеке сұхбаттасу жүргізіледі. Оның барысында түрткілер (қызығушылық, білімге деген құштарлық, жаңа тәжірибе алуға ұмтылыс, өмірге дайындық, өз проблемаларын шешу) нақтыланады. Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы шешім қабылдаған адамдардың келуі үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |