Клиникалық белгілері. Терінің шаққан жерінде ісінулер пайда болады. Жануарлар жалпы қозады, тыныс алуы баяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалады. Ауыз және мұрын қуыстарынан көпіршікті сұйық ағады. Орталық жүйке жүйесіне нейротоксикалық әсер етіп, тырысулар байқалады. Температура жоғарылайды.
Балау. Анамнез, клиникалық көрсеткіштері, зертахана қорытындысы.
Емі. Жануарлардың зақымданған жерлеріндегі тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40% - ды глюкоза ерітіндісін егеді. Тырысып – бүрісу кезінде тыныштандырғыш, сұйықтатқыш дәрілер береді.
Жылқыға: 7% хлоралгидрат, венаға 200-300мл.
КРС 50-75мл;
МРС. барбитур, кофеин, ішке камфора майын қолданады.
Димедрол – антигистаминдік препарат қолданады.
Жануарлардың жылан уымен улануы
Бұларды офидиотоксиндер деп атайды. Ол антитоксикалық сарысу және әртүрлі дәрі-дәрмек (випраксин, новокоин, лебетокс) алу үшін қолданылады.
ТМД елдерінде жыланның 58 түрі кездеседі, оның ішінде 11 улы.
Улы жылан(кобра) құрамында кездесетін улы заттар. Нейротоксин және геморрагинді біріктіріп, жалпы кобратоксин деп аталады. Түсі сәл сарғыштау сұйық, иіссіз.
Патогенезі. Нейротоксикалық, геморрагиялық және тамыр кеңейтіп әсер етіп, артериялық қысымды төмендетеді. У қанға түскеннен кейін, қан тамырларында фибрин талшықтары көбейіп, қан ұйығыш келеді.Түзілген фосфолифаза ферменті торша митохондриясын бұзып, нәтижесінде аденазин үш фосфатаза ферментінің әсері төмендеп, торшалардың тыныс алуы нашарлайды.
Улану белгілері. Тістеген жердердегі капилярлар түйілуі, домбығу, артериялық қысым төмендеп, қозу, тырысып-бүрісу пайда болады.Тыныс алуы салданып, өлімге ұшырайды.
Патологиялық өзгеріс. Өкпе сіресіп қалады. Бауыр, бүйрек басқа ішкі мүшелерде некроз пайда болады. Жүрегі пысқан ет сияқты жұмсап кетеді. Ас қорыту жүйесінің қабынуы байқалмайды. Сілекей мен ұйқы безінің сөлі уды залалсыздандыра алады.
Емі.Венаға 20-40% глюкоза 1мл\кг егеміз. Тістелген жараны 0,1%-ды калий перманганат, 2%-ды хлорлы әк ерітіндісі және 10%-ды сутек асқын тотығымен залалсыздандырады.
Тері астына промедол 2,5%-ды аминазин ерітіндісін, 10%-ды глюконат кальций ерітіндісін және инсулин егеді.
Кәдімгі улы сұр жылан(гадюка).
Қалқантұмсық(щитомордюк).
Достарыңызбен бөлісу: |