Патологиялық өзгеріс: Дәнекер ұлпада, тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарында, эпикард, эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталаулар болады.
Емі: Антидот жоқ, симпатикалық ем жүргізіледі.Жылқы асқазанын 0,5% -ті танин ерітіндісімен жуады.Құрысып-тырысуға хлоралгидраттан клизма жасайды,ішке спирт береді.
Жусан (Полынь)
Өсімдіктер түрлері өте көп.Қазақстанда 81 түрі өседі, бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктері бар.Көпшілігін дәрілік зат түрінде пайдаланылады.(ащы жусан дермене).Қазіргі уақытта тек тавриялық жусанның ғана улы әсер ететіндігі белгілі. Үй жануарларда ішінде жылқы сезімтал келеді.Тавриялық жусанның летальды мөлшері жылқы үшін 500-700 г, улану белгілері 200-500 г жегеннен кейін байқалады.
Клиникалық белгілері:Улану ірі қара және ұсақ малды жіті ,созылмалы түрде өтеді.Кілегей қабықтар бозаруы, зәр құрамында ақ зат табылған.
Жылқыда. Мал жалпы қозады,қорақтық байқалады,тері сезімалдығы жоғарлайды, алға ұмтылу,соғылу.Басын жерге ұрады,тісін шықырлатады.Терісі ылғалданады,тыныс алуы салданып, тоқтауға әкеледі.
Патологиялық өзгеріс: Улануға тән патологиялық өзгерістер болмайды.Кілегейлі және сірлі қабықтар (жүректер,плевра,қуық) және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі.Катаральды қабынулар.Бүйрек ,бауыр және бұлшық етте дегенерециялық өзгерістер байқалады.
Емі: Уланудың жіті түрінде тыныштандырғыш заттар береді.Симпатикалық ем.Жылқы жусанмен уланғанда П.И. Будников мынандай у қайтарғыш ұсынды: 15-30г марганец қышқылды калиймен бірге 60-100 г қос көмір қышқыл содасын 3-6 литр суда ерітіп,танаудан зонд арқылы енгізеді.Тік ішек арқылы 50-70 г хлоралгидратты кілегейлі қайнатпа ретінде енгізеді.Тері астына кофеинді егеді.
Балау: Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломелиттіне ұқсас келеді.Улану күшті өтеді,ауыз қуысы сарғаяды.жусан иісі шығып тұрады.
Болжау: Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу, температура көтеріледі, терлеу болса болжам жағымсыз. Тырысып-бүрісу және температура болмаса,созылмалы түрінде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |