Нефрон(nephron) екі қабатты (capsula glomeruli) Шумлянск-Боумен қабығымен қапталған қанайналым қылтамырлары (glomerulus corpusculi renalis) қосатын бүйрек денесінен (corpusculum renale) басталады. Қаптама жапырақшаларының арасында нефронның проксималді өзекшелері өтетін қуыс бар. Нефронның бүйректік өзекшелер жүйесіне: проксималді өзекше (tubulus contortus proximalis), проксималді тік өзекше (tubulus rectus proximalis), жұқа өзекше (tubulus attenuatus) және дисталді тік (tubulus rectus distalis) және дисталді иректелген (tubulus contortus distalis) кіреді. Жүқа және дисталді өзекшелер нефрон жіпшесін құрайды. Дисталді иректелген өзекше пирамиданың жоғарысында ашылатын кіші бүйрек тостағаншалары куысына жалғасатын (calyx renalis minor), емізікше ағынына жалғасатын жинағыш бүйрек түтігіне өтетін (tubulus renalis colligens). Бірнеше (2-3) кіші тостағаншалар үлкен тостағаншаға (calyx renalis major) ашылады. 2-3 үлкен тостағаншалардың қосылуы жалпы кеңейген түбегі — бүйрек қуысы (pelvis renalis) түзеді. Бүйрек түбегі бүйрек аймағында несеп шығарушы түзеді.
Иректелген өзекшелер барлық тарылуында ішкі жағынан бірқабатты текшелік эпителиймен жабылған, жинағыш өзекшелер — бірқабатты призмалық эпителиймен жабылған. Нефрон қан тасымалдаушы қылтамырлармен оралған. Қан бүйрек денесіндегі қылтамырға 4-5 сегментік артерияны (аа. segmentales) беретін, алдыңғы және артқы жағынан бүйрек артериясының жүйесінен келеді. Соңғысынан үлестераралық артериялар (аа. interlobares) шығады, сонан кейін тарамдалған және үлестераралық артерияларды (аа. corticales radiatae) беретін доғалы артерияларға (аа. arcuatae) өтеді. Тарамдалған артериялар әкелуші шумақ артериоласына (arteriolae glomerulares afferents) әкелуші артериоалдан диаметрі 2 есе кіші әкелуші шумақ артериоласына жиналады. Әкетуші шумақ артериоласы қайтадан бүйрек өзекшелері айналасындағы қылтамырларға бөлінеді, ал содан кейін венулаға өтеді. Венулалар қыртысты және милы заты аймағында орналасқан шумақ веналарға құятын тарамдалған үлестераралық веналарға (w.corticales radiatae) қосылады. Олар өз кезегінде төменгі венаға құятын бүйрек венасын жасайтын бөлікаралық венаға өтеді. Сірліасты аймақтың перитубулярлы тамырлары венаның қабықты бетіне жиналады. Олар жұлдызша тәрізді венаны қосады. Ал жұлдызша вена қанды тарамдалған венаға апарып, доғалық, сонан соң бүйрек веналарына апарады. Қыртысты нефрондар — қыртысты заттың қалыңдығында 80% дейін болатын нефрондар. Бұлар бұлшықеттің жұмысы кезінде қанның бүйрек арқылы өтуін қамтамасыз етеді.