Несепшығаратын өзек Несеп шығаратын өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік, ұзындығы әйелдерде 3-5 см, еркектерде 20-22 см болады. Еркектердің несеп шығаратын өзегі (urethra masculina) қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады. Оның простаталық (pars prostata), жарғақты (pars membranacae), және кеуекті (pars spongiosa) бөлімдерін ажыратады. Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоғарғы қуықастына өтеді. Қуықасты бөлгінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді. Оның артқы қабырғасыңда ұзартылған ұлғаю — несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар. Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis) құрайды.
Мұның жоғарысында тереңдеу — простаталықжатырлығы (utriculus prostaticus) бар, ол рудиментті өсінді болып табылады (сурет 161). Оның жан-жағынан ұрық жасаушы тесіктің түтігі, ал айналасында ұрық безінің ұрықтық төмпешігі орналасқан. Ұзындығы 1,5 см жететін еркек несеп шығаратын өзектің жарғақтықбөлігі ұшына ұрық безінің буытығына дейін жетеді. Ол несеп-жыныс көкетінен өтерде несеп шығару өзегінің сфинктерін жасайтын (m. sphincter urethrae) концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп шығаратын өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуектібөлігі. Ұзындығы 15 см-дей және екі кеңеюі болады: аталық жыныс мүшесінің буылтығында және оның басында. Шырышты аралық және кеуекті бөлігінің ауыспалы эпителийімен — көпқабатты призмалық, ал аталық жыныс мүшесінің басында көпқабатты тегіс эпителиймен қапталған. Шырышты қабығында көп мөлшерде шырышты бездер (glandula urethrales) орналасқан. Шырышты қабығының сыртында циркулярлы бұлшықет жасушасының қабығын жасайтын жұмсақ бұлшықет тіні бар. Әйел несепшығару өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын, диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды. Әйел несеп шығаратын өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді. Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан. Несеп шығаратын өзектің қабырғалары шырышты, бұлшықетті және дәнекертін қабықтарынан тұрады.
Бақылау сұрақтары: Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер кіреді?
Бүйректерге сипаттама беріңіз?
Нефрон дегеніміз не?
Нефронның атқаратын қызметі қандай?
Әйелдермен ер адамдардағы несеп жүйесінің айырмашылықтары қандай?