Егіншіліктің дамуы - Қазақстан аймағында табиғи климаттық жағдайдың әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар, егіншілікте орын алған.
- Қазақтар егіншілікпен ежелден-ақ айналысқан. Өзен-көл су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары- Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы.
- Егіншілік неолит және энолит кезеңінде қалыптасты.
- Ежелгі тұрғындар жер өңдеуде суару қондырғыларын пайдаланған. Сырдың орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінде егіншілік қарқынды дамыды
- Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, майданды қару-жарақ, мал және мал өнімдері,азық-түлікпен қамтамасыз етті.
- Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери өнеркәсіп базасы ретінде 5830 тоннна астық, 745 тонна ет, қорғасынның 85%-ын, полиметаллдың 70%-ын берді. 1941-1945 жылдары республикада 460 зауыт, фабрика, кеніштер мен шахталар салынды.
- Экономика түгелдей әскери тәртіпке бағынатын болды. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды.
- КСРО соғыстан халық әбден әлсіреп шықты. Соғыстан кейінгі жылдары елдің экономикалық дамуында бірқатар ұранды реформалар жүргізуге әрекеттер болды.
1953-1964 жылдары «Хрущев жылымығы» - Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хурущев КСРО экономикасын ілгері дамытуда бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді.
- Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды.
- Егін егетін жер көлемін ұлғайтып, астық көлемін арттыруды тапсырды. Бұл шаруашылық пен азық түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жол болды.
- Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн гектар жер жыртылды, оның 9 млн-ы эрозия ұшырап, жарамсыз болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |