Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауыл округінің әкімі Бекежанов Бақберген Сейтжанұлының ауыл тұрғындарының алдында 2014 жылғы бір жылдық атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша жинақталған құжаттар Сарыөзек ауылы



жүктеу 122.58 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі122.58 Kb.
Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауыл округі


Сарыөзек ауыл округінің әкімі

Бекежанов Бақберген Сейтжанұлының

ауыл тұрғындарының алдында 2014 жылғы бір жылдық атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша жинақталған құжаттар

Сарыөзек ауылы



Сарыөзек ауыл округі әкімінің

тұрғындардың алдында 2014 жылы округтің экономикалық-әлеуметтік дамуының кешенді бағдарламаларын орындау барысында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есеп беру баяндамасы

Құрметті ақсақалдар мен апа-қарындастар, ауыл тұрғындары,

әріптестер!

Жыл сайын округке қарасты елді мекендер тұрғындарының алдында есеп беру басталды. Округте Сарыөзектен басқа 5 елді мекен бар. Олар: Желдіқара, Дос, Балғалы, Қойқырыққан, Майтөбе ауылдары. Аталған ауылдарда ел-жұрттың қал-ахуалы жақсы деп айтуға болады. Желдіқарадан басқа мекендердің тұрғындары негізінен теміржолда істейтін болғандықтан, орташа есеппен 60 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Бірен-саран отбасы болмаса, түгелдей дерлік мал ұстайды.Малшаруашылығымен айналысады, үлкен адамдар зейнетақысын алып жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық деуге болады.

Алдағы 2014 жылдың есебі бойынша округтің экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталатын болсақ, округ жұртшылығы халық шаруашылығының барлық саласында табыспен еңбек етті.
Өнеркәсіп

Өнеркәсіп саласында жұмыс жасайтын 3 мекеме бар, атап айтсақ СОРЭС, «Микрокалцит» зауыты, «Таза су» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі. Биылғы жылға 588 млн 600 теңге жұмыс жасалуда.
Инвестиция

Кәсіпорындардың қаржысы және тұрғындардың қаржысына жалпы 312 млн 900 тенге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы

Сарыөзек ауылдық округі бойынша 40 шаруа қожалығы бар. 1 - Агрокомплекс-Н ЖШС тіркелген. Оның 16 егін шаруашылығымен айналысады. Округтің егістік жер көлемі 4115,5 гектар. 2014 жылы 3346 га. жерге өнім себілді, оның ішінде дәнді дақыл 2501 га., 620 га. сафлор себілді, 770 га. пар көтерілді. Округ бойынша дәнді-дақылдар себілген 2501 гектар егістік алқабының әрбір гектарынан 16,7 центнерден өнім алынды. Жалпы 4228 тонна астық жиналды. Мұның сыртында 225 гектар жерге шөп, 2 гектар жерге картоп, 30 га көкөніс егілді. 2015 жылдың есебіне 600 га. күздік себілді. Омаров Жанат, Десенғұлов Ғазиз, Билалаева Татьяна сияқты шаруа қожалықтарының басшылары қолдан келгенше қажырлы еңбек етіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Жер өңдеп егін егетін шаруа қожалықтар өндірісінде қиыншылықтар да жоқ емес.

  1. Ауа райының қолайсыздығы, округтің шаруа қожалықтарының жерлері негізінен қуаңшыл жерге орналасқан.

  2. Тұқым жаңартуға мүмкіншілігі шектеулі.

  3. Техника ескірген. Түгел дерлік техника жаңалауды қажет етеді.,


Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кәсібі. Бұл салада жап-жақсы дамып келе жатыр. 2014 жылға 1988 ірі қара, сауын сиыры 971 бас, қой-ешкі 12910 бас, аналық басы 6636, жылқы 595 бас, биесі 340 бас, 3600 бас құс, 150 бас шошқа есепте. Бұл өткен бесжылдықтың орташа көрсеткішімен салыстырғанда барлық түліктен 50-60 пайызға артық. Кейінгі жылдары ірі қараны қолдан ұрықтандыру жұмысы қолға алынып келе жатыр. Бұл жұмысты тиісті деңгейде атқардық деп айтуға әлі ерте. Мал басының өнім сапасын жоғарылату, тұқымын асылдандыру алдағы тұрған күрделі жұмыс. Мұны жаппай әрі жауапкершілікпен қолға алып, жалғастыруымызға міндеттіміз. Мал қыстату науқанына ірі сабақты мал азығынан 7830 тонна шөп, 1015 тонна сабан дайындалды. Жем-шөп қыстан шығуға толығымен жетіп қалар.
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты - спорт түрлерінің дамуы, жастарды,ғана емес, барлық тұрғындарды спорт түрлеріне, спорт ойындарына жаппай жұмылдыру денсаулықтың ол да бір кепілі. Сарыөзек ауылында 10 жаттықтырушы спорттың 7 түрінен жұмыс істейді. Оның ішінде дзюдо, самбо, қазақ күресі, еркін күрес, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ бар. 140 оқушы осы спорт түрлерінен облыстық, республикалық жарыстарда Кербұлақ ауданының намысын қорғайды. Күрішбаева Ділдаш самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.Базарбаев Жандос ерлер арасында самбо күресінен ҚР чемпион атағын жеңіп алды.

Шарипбекова Айгерим ,Қызайбай Ақтөре самбо күресінен Қазақстан Республикасы чемпион атағын жеңіп алды.

Алдухан Ербол –самбо күресінен ҚР чемпионы. Спорт шебері.

Футболдан жылда ауыл біріншілігі өткізіледі. Тоғызқұмалақтан, дзюдодан, самбодан, еркін күрестен аудандық дәстүрлі жарыстар өткізіледі. Мысалы, «Аяз ата» кубогіне баскетболдан жылда дәстүрлі турнир өткізіледі.



Білім беру саласы

Елбасының дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауының қайсын алсақ та, білім саласы назардан тыс қалған емес.

Білім беру саласының басты міндеті - білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.

Сарыөзек ауылында 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 3 балабақша жұмыс істейді. Барлық мектептер бойынша 2872 оқушы оқиды.Мұғалімдер – 268,оқу бітіргендер 146 оқушы,грантқа түскені 15 оқушы.

Өткен оқу жылында бірыңғай ұлттық тестілеуге мектеп бітіретін 146 бала қатысты. Тестілеу нәтижесі бойынша №49 орта мектептің орташа балы 65,8 пайыз, Сарыөзек орта мектебінің орташа балы 65,7 пайыз, Д.Қонаев атындағы мектептің орташа балы 71,7 пайызды құрады. Жалпы Сарыөзек ауыл округі бойынша орташа балл 67,7 пайыз.Қонаев орта мектебінен «Алтын белгіге» - 1 түлек, №49 орта мектебінен «Алтын белгіге» 1- түлек ие болды.

Жасөспірімдер мен оқушылар арасында жаз кезеңінде жазғы демалыспен қала сыртындағы лагерге Қонаев орта мектебі бойынша 49 оқушы Сарыөзек орта мектебі бойынша 14 оқушы, №49 орта мектебі бойынша 26 оқушы мемлекеттік сатып алу заңының Веб-портал бағдарламасы бойынша шығып, Текелі қаласындағы «Эдельвейс»,Қапшағай қаласындағы «Рахат»,Қаскелең қаласындағы «Таң»,Көкшетау қаласындағы «Дискавери Боровой» лагеріне демалып қайтты.

Сарыөзек орта мектебіне Дос бекетінен 27 бала, Желдіқара ауылынан 15 бала, Балғалы ауылынан 10 бала, Тары бекетінен 5 барлығы 57 оқушы тасымалданып оқиды.

Д.Қонаев орта мектебінің футбол алаңына 4 238 830 теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлініп күрделі жөндеуден өтті.
Әлеуметтік сала

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі саясаттың ең бір негізгі бедел мәселесі ретінде әлеуметтік жағдайды жұмыссыздықпен, кедейшілікпен, қайыршылықпен күрес.

2014 жылы 11 отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек ретінде 6 476 663 теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны 150 отбасы 451 балаға 7 891 249 теңге, тұрғын үй көмегі бойынша 77 жанұяға 9160737 теңге төленді..

Жұмыссыздықтың азаюына бірнеше факторлар себеп болып отыр. Олар жаңа мекемелер ашылуы, орта және кіші бизнестің қарқынды дамуы. Ауылда 150 дүкен, 12 шаштараз,1 ломбард, 10 жанар- жағармай бекеті, 4 фото салон, 5 аяқкиім жөндеу шеберханасы, 15 асхана, 7 кафе, 2 қонақ үй, 5 дәріхана, 202 жеке кәсіпкер, 3 автокөлік жуу барлығы 245 кәсіпорындар халыққа қызмет жасайды.2014 жылы жаңадан іске қосылған:1-асфальт зауыты,1- қоғамдық монша,2-дүкен,21 жаңа жұмыс орны ашылды.2015 жылға 1-шаштараз,1-дүкен,1-кафе,2-СТО ашылуы жоспарлануда.
Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі бөлімшесінің мәліметі

Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі бөлімшесінде Сарыөзек ауыл округі бойынша 6 әлеуметтік қызметкер 27-балаға үйден әлеуметтік көмек көрсетеді.

12 бала тоқсандық жәрдемақы алады.

Әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларға өзіне-өзі қызмет көрсету, дене шынықтыру, қол қимылын дамыту, гигиеналық дағдылар, тұрмыстық қызмет көрсету, өсіп-жетілуі бойынша қызмет түрлері көрсетілед. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі ойындар жаттығулар өткізіледі. Әлеуметтік қызметкерлер Карипжанова Қарлығаш, Капанова Мая, Мусабекова Бақытгүл, Кемпірбай Тандагулдің еңбектерін атап өтуге болады.

Ауыл бойынша қол арбамен-3 бала гигиеналық құралдармен -12 бала, шипажай- курорттық емделуге -2 бала, протездік-ортопедиялық құралдармен-1 бала қамтамасыз етілді.

1 маусым -Балаларды қорғау мерекесіне байланысты «Бақытты балалық шақ»атты іс- шара өткізілді. Бұл іс- шараға сол бөлімнің қамқорлығында жүрген бүлдіршіндер мен арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар қатысты. Түрлі ойындар ойнатылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.Демеушілер тарапынан көлемінде сыйлықтар табыс етілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар таратуда елеулі үлес қосып,балаларға қуаныш сыйлаған демеушілер:Жеке кәсіпкермен мен мекемелер сыйлықтарын тапсырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жаңа-жыл мерекесіне орай «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ертегілер әлемінен келген кейіпкерлер бейнесіндегі көріністерді көрсетіп, би-билеп, ән айтып балаларға тақпақ -өлеңдер айтқызып, мерекелерімен құттықтап, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі сәбилерге бір сәт қуаныш сыйлап демеушілік еткен мекемелері балаларға сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.

Су мәселесі

Бүгінгі күнге су жүйесінің ұзындығы 127 шақырымды құрайды. 2009 жылға салынған су құбырларының жалпы ұзындығы 14866 км, 26 көшені қамтиды.Дос және Карабах станцияларында ЭЦП-10 насостар орнатылды.

Аула саны 2875, ықшам ауданындағы 141 үйді қосқанда 3080 болады. Сарыөзек су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысы жұмыстарының 3-ші кезеңіне жобалық –сметалық құжатын даярлауға 17млн теңге бөлініп,жасалды.. Аудан әкімінің ұйымдастыруымен 3-ші өзен бойында орналасқан су сорғыш насостың жанын абаттандырып,қоршаулары жасалды.5 мың кубтық су жиналатын резервуардың қабырғасының ыдыраған жерлері бүтінделіп аумағы түгелдей тазартылды.Осы жұмыстарды атқаруға әкімшілік мамандары және мекемелер ат салысты.
Құрылыс саласы

Жалға берілетін 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бітіп жетім баларға,батыр анаға, мүгедектерге, ауған соғысының ардагеріне берілді. Жаңа ықшам ауданынан салынатын 320 орындық балабақшаға барлығы 434 млн 213 мың теңге қаржы бөлініп, жүргізілуде.Жаңа ықшам ауданының инженерлік коммуникациялық желілерінің 4-ші кезегінің құрылысына 216 млн 668 мың қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары 2014 жылдың сәуір айында басталды.Сарыөзек ауылындағы жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы мен спорт кешені құрылысына 505 млн қаржы бөлінді. Биылғы жылы құрылысын «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС бастап жүргізуде. Айналма жолдан бастап Халық банкісіне дейін «Ұлы даланың Ұлы даралары» аллеясы салынып іске қосылды.

Ауылдың тазалығы

Алматы облыс әкімінің «Аудандық елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысына сәйкес, Cарыөзек ауыл округі бойынша наурыздың 15-і мен мамырдың 15-не дейін, қыркүйектің 15-нен қарашаның 15-не дейінгі аралықта көктемгі-күзгі санитарлық тазарту айлықтары өткізілді. Бүгінгі күнге ауылымызда көктемгі-күзгі абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде Айналма жолдағы стэлладан бастап негізгі көшелер бөлініп, әктеу-сырлау жұмыстарын күнделікті жалғастыруда. Ауылдагы саябақтардың іші тазаланып,сыртқы қоршаулары сырмен боялып, ағаш түптері толығымен әктелді.Көркейту, көгалдандыру айлығы кезінде айналмалы жол жағасына 5000 түп ағаш отырғызылды.

Күзгі санитарлық тазалыққа мекемелер, мектептер және ауыл тұрғындарымен санитарлық тазалық айлықтары өткізіліп күнделікті бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Тазартуда барлығы 3500 тонна күл қоқыстың НТД «Рамина» 1263 тоннасын, қалға 2237 тоннасын мекемелер,тұрғындар, ұжымдар шығарды.Ақылы қоғамдық жұмыста жүрген адамдарымыз күнделікті ауылымыздың тазалығына қарап жинастырып отырады.Көшелерге келетін болсақ Кербұлақ аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары Т.Жанысбек, Сарыөзек ауылдық округі әкімідігінің ақсақалдар төрағасы Б.Жетпісбай, учаскелік полиция қызметкері Ж.Сатылханов, Бас маман Б.Машарбетов 72 көшені аралап тұрғындарға аулаларыңызды ,тұрған көшелеріңізді таза ұстап, күл қоқыс төкпеңіздер деген ескерту қағаздарын таратып берді.

Автокөлік жолдары

Ауылда 72 көше бар, ұзындығы 45 шақырым, оның ішінде асфальтталғаны – 12 шақырым, қалғаны 33,8 шақырымы құм-қиыршық жолдар. , аудандық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне жол қадағалау ұйғарымының негізінде Сарыөзек ауылының ішкі көшелері бойынша жол белгілерін орналастыру талап етіліп отыр.Қажетті қаражат 900 мың теңге,қаражат көзін табуға шаралар қолдануда.Биылғы жылға «Жұмыспен қамту 2020»бағдарламасы бойынша облыстан 20 млн 200 мың теңге Сарыөзек ауылының ішкі жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарына бөлінеді деп жоспарлануда.
Мемлекеттік салық
Сарыөзек ауыл округінде 2014 жылға 3 салық жүйесі бойынша (мүлік, жер, автокөлік) 7 881231 теңге салық түсімі жоспарланған. Болжам нақтылы 7 881231 мың теңгеге жиналып, 100 пайызға орындалды.
Ішкі тәртіп

2014 жылы 182 қылмыс тіркелді . Ұрлық 105 бөтеннің мүлкін ұрлау, 6 мал ұрлығы,7 бұзақылық, 18 алаяқтық, 5 тонау, 2 адам өлтіру 43 басқа қылмыстар.

Тіркелген қылмыстардың 73 ашылмаған (бөтеннің мүлкін ұрлау-54,мал ұрлығы-4,алаяқтық-2) Сарыөзек ауыл округінің шұғыл жағдайы, барлық саладағы қылмыстардың тіркелуінің жоғарылауымен сипатталады. Жалпы қылмыстардың ашылуы 53 пайыз.
2015 жылға ауыл орталығында атқарылатын жұмыстар



  1. Сарыөзек ауылында 920 орынды мектеп құрылысы жоспарлануда.

  2. 320 орынды бала бақша құрылысы жоспарланып,бүгінгі таңда құрылысы басталды.

  3. Ауыл тұрғындарының тұратын көшелерін күл-қоқыстан тазалау жұмыстарын ұйымдастыру.

  4. Ауылды абаттандыру жобасына байланысты 2000 түп жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр.


Социально-экономический

ПАСПОРТ

Сарыозекского сельского округа,

Кербулакского района, Алматинской области


Бекежанов Бақберген Сейтжанович номер телефона: 40006

Количество СНП 4 (ед)

Численность населения 12615 чел)

Наименование центра Сарыозекский сельский округ

Расстояние от центра сельского (поселкового)округа составляет: 0 км

До областного центра 90 (км)

До райцентра 0 (км)

До ж\д станции 0 (км)

До ближайшего города 90 (км)

Экономика

Поголовье скота (гол): из них (КРС 1988, коровы 971, лошади 595 овцы козы 12910,свиньи 150, птицы 3600)

Заготовительные пункты всего 0 (ед)

Перерабатывающие цеха всего 14 (ед)

Хозяйствующие субьекты всего 484 (ед), в т.ч ( например: АО 3, ТОО 59, и т. д.) к\х 40, индивидуальные предприниматели 309, прочие 65.

Зарегистрированная с\х техника 71 (ед), из них (комбайны 5, тракторы 27) другая техника 39.

Объекты сферы обслуживания всего 210 (ед), из них (объекты торговли 133, объекты бытового обслуживания 55, общественное питание 22)

Земельные ресурсы

Территория всего 12120 (га), из них, земли населенных пунктов 5242 (га)

Земли сельхозназначения всего 17585,3 (га) из них, пашни 5044,5 (га), пастбищи 12407,3 (га) Сенокосы 126,5

Средний балл бонитета (7,5)

Объекты здравоохранения

Медицинские учреждения всего 2 (ед), из них ( например: ВА _____, МП 1, без помещения и т. д), ЦРБ 1

из них 1(ед) находятся в типовых, (ед) в приспособленных помещениях



Телефонизировано объектов 2. Обеспечено санитарным автотранспортом 4

Численность мед. персонала всего 211 (чел) из них, врачей 46, средний медперсонал 165

Объекты образования

Образовательные учреждения 4 (ед), в т.ч начальные шк 1 основные шк._____, средние шк. 3

из них 4 (шк) находятся в типовых, ______ (шк) в приспособленных помещениях



Компьютеризировано объектов 4 , подключены к Интернет 4.

Водоснабжение

Источник питьевого водоснабжения(кол), 4 (поверхностный 1, подземный 3)

Кол-во СНП пользующиеся централизованным водоснабжением 3, децентрализованным 1, привозной водой______

из них, санитарным нормам соответствует да, не соответствует ____,


Сельские дороги

Протяженность автомобильной дороги, связывающий ( центр сельского округа) с райцентром _____ (км),

Указать покрытие ( твердое, грунтовое, бездорожье) грунтовое



Связь

Отделений почтовой связи (ед), ( стационарное 2, передвижное ____)

Кол-во СНП обеспеченные телефонной связью 1 кол. тел. Номеров 2576 (физические 2297, юридические 279)

Наличие сотовой связи cell. Kmobile, и др.)



Электрификация

Обеспечено централизованным электроснабжением 4 СНП, не обеспеченные ______ СНП, Количество КТП,ТП 70 (ед)

Газификация

Обеспеченные природным газом_____ СНП, не обеспеченные_____ СНП.

Количество централизованных пунктов обмена баллонов 2 (ед)



Культура

Количество клубов 1, библиотек 2.

Спорт

Спортивные сооружения (м) стадион,6 спортивный зал 4

Общественная безопасность

Кол. участковых пунктов 1, из них обеспеченные телефонами 1, кол. инспекторов полиции 2 (чел)

Уровень доходов

Численность населения всего 12615 (чел), в т.ч. экономически активное 4622

в них, занятые7846, безработные 147 (чел). Малообеспеченные семьи, получающие АСП 11 (кол. семей)





Аким Сарыозекского сельского округа Б.Бекежанов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет