Тақырыбы:Ұлы Жібек жолындағы қалалар,Ұлы Жібек жолындағы дін тіл мәдениет



бет2/2
Дата09.03.2024
өлшемі47.52 Kb.
#494793
1   2
тарих срсп 3

Дін тіл мәдениет
Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан — христиан діні, сосын барып ислам жеткен.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Үндиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. з. бұрынғы I ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б. з. II—III ғғ. буддизм белсенді түрде таратылған, тегі, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.
Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионерлері қызметін соғдылар өз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының көмегімен алынғаны анықталды. Ұлы жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері табылды.
Түріктер VI ғ. бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген. Сюань-Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады. Зерттеушілер пікіріне келсек, VII ғ. бірінші жартысында батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддашы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл жәйт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты болған.
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Ең әуелі бұл осы өлкеден буддалық құрылыстардың табылуынан көрінеді. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, Новопавловск секілді қала жұрттарынан кездесті: ғимараттар, әдарияттар (монастырлар), шіркеулер, будда кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншелер мен стеллалар.
Кездейсоқ табылған археологиялық олжалар ішінде Үндістан импорты да көп кездеседі: буддалар мен буддашылардың қола мен күмістен құйылып, алтынмен апталып, асыл тастармен әшекейленген мүсіншелері, қола қаптырмалар мен пластиндер, уақ-түйек зат тәрізденіп жасалған тас бедерлер, бір кездері будда ғимараттары мен одарияттарына қойылған әулие-әнбиелердің тас бейнелері, сирек мүліктері болған будда иконографиясы сюжеттері бар стеллалар көңіл аударады.
Археологтардың соңғы ашқан жаңалықтары қатарына орта ғасырдың белгілі қаласы Исфиджаб-Сайрам үйінділеріне таяу жерден табылған жер асты әдарияты жатады.
Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып оты бүддизмнен қалмай христиан діні де тараған. V ғ. Бірінші жартысында Шығыс Рим империясында священник Несторийдің «дінсіздік» мазһабы пайда болады.
Мария бике құдайды емес, адамды туды, Христос тек құдайдың шапағаты түскен», оның рухының иесі ғана деп үйретеді. Оның пікірі бойынша, Мария бикені тәңірия демей, Христосты туушы деген дұрыс. Атап айтқанда оның осы жаналығы қалың көпті әбігер етіп, береке-құтын қашырды. Бұл 325 ж. Никей соборында қабылданған дін бейнесіне қарама-қайшы келеді, ол қағида бойынша, Христос бөлуге болмайтын — адамдық және құдайлық киелі қасиеттің иесі болып есептелетін, сол себепті де оның құдай-әкемен біртамырлас екенін жоққа шығаруды ресми шіркеу барып тұрған дінсіздік деп таниды. Несторийдің ілімі 431 ж. Эфес соборында айыпталып, несториандар рақымсыз қаталдықпен қудалана бастайды. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан олар шарасыздықтан Иранға қашады. Несторийдің жақтастары Персиядағы Нисибин қаласында мектеп ұйымдастырады да, Византияға қарсы саяси оппозицияның бәрінің басын біріктіреді.
VII—VIII ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында кеңінен тарайды. Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болады. Патриарх Тимофей кезінде (780—819 жж.) христиан дінін түрік патшасы — әсілі қарлықтар жабғысы болса керек — қабылдайды. IX—X ғғ. шамасында айрықша қарлық метрополиясы құрылады, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істейді; христиан Сырдария қалаларында да тарап жатады.
Қаялықта өздерінің шіркеуі, сол сияқты оқшау селосы болған іле бойының христиандары жөнінде Вильгельм Рубрук мәлімет қалдырған. XIV ғ. Ыссық көлдің жағалауында бір христиан әдарияты болған, онда әулие Матфейдің сүйегі сақталған.
Жамұқат пен Науакет қалаларының мазарларын қазған кезде олардан күміс және қола крестері бар христиандар қойылғаны анықталды. Қызылөзек қала жұртынан нефрит крестінің кездейсоқ табылғаны да елге мәлім. Шымкент музейінде Төрткөл төбе қала жұртынан табылған, бүйірінде христиандықтын белгісі — крест пен көгершін салынған келі қойылған. Таразды қазған кезде VI—VIII ғғ. қабатынан сирия жазуымен «Петр мен Гавриил» деген жазуы бар қыш саптыаяқ кездесті.
Осынау өлкелерде христиандардың келген кезеңінен XIV ғ. аяғына дейін жасалған, ұлттары түрік, Орта Азия христиандарының діни өнері мен діни символикасының аса көрнекті туындылары қатарына, бетінде несториандық жазу мен символикасы бар қайрақ тастар жатады.
Жетісуда христиан қауымының болғаны туралы деректі құлпытастардағы сирия жазуларынан ғана емес, қыш ыдыстардағы, үлкен хұмдардың мойындарындағы соғды жазуларынан да байқаймыз. Олардың бірінде: «Бұл хүм Иарық-Тегін ұстазға (арналған). Ісмер Пастун. Лайымда. ол (хұм) толып тұрғай, әумин, әумин!» — деп жазылған. Мұндағы «ұстаз» сөзі түрік-соғды эпитафиясындағы «мұғалім-ұстаз» терминімен мағыналас. Ал, ондағы «әумин» сөзі Иарық-Тегіннің христиан қауымының жетекшісі болғанына күмән келтірмейді.
Сөйтіп, археологиялық және эпиграфикалық олжалар, ортағасырлық деректерімен қосыла келе, христиан дінінің тараған жолдарын анық көрсетеді.
Жібек жолымен III г. Иранда пайда болған манихейлік діні де тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Қытайға дейін жайылады. Тұтас алғанда ол зороастризм мен христиан дінінің қорытылуынан туған. Христиан дінінен ол мессиандық идеясын, ал зороастризмнен — жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының күресі идеясын алады. Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл атқарады. VIII ғ. бас кезінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарайы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрген, сонда оның пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты әсер еткен.
Манихей дінінің үмбеттері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, ең алдымен отырықшы жұрт арасында болған. Тұрфан көгалды аймағынан табылған «Екі негіздің қасиетті кітабы» атты манихей шығармасының көне ұйғыр қолжазбасында бұл кітап «Аргу-Талас-та Алтын-Арғу Таласы-ұлышта, Талас-ұлыс» қаласында жазылды «Он оқ елінде (дінге) ықылас тудыру үшін» — делінген. Бұл арада сөз белгілі Тараз қаласы жайында болып отыр. Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б. з. дейінгі VII—VI ғғ. ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі — су, от, жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте от мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес, айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына, жануарларға — қойға, ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өршіп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарийлерге — қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу. Өлікті жер бетіндегі бейіттерге — наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым-жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып қалып жүрді.
Ұлы Жібек жолы мәдениетінің қалыптасуы мен өркендеуінің келесі бір маңызды ошағына Сирия мәдениеті жатады. Сириялықтардың Ұлы Жібек жолы мәдениетіне қосқан үлесі туралы К. Байпақов пен А. Нұржанов мынадай ойларын келтіреді: «Нестория ілімі 431 жылы Эфесс соборында қатты сынға ұшырап, несторияшылдар қатты қуғын-сүргінге салынды. Сөйтіп, олар соның нәтижесінде Иранға қашып кетуге мәжбүр болды. Несторийдің жақтастары Парсыда, шекаралық күштер басын біріктіретін мектеп ашты. Константинопольдегі сауда орталығынан айрылған сириялық бай көпестер мен қолөнершілер Шығысқа қарай ағылды. Сириялықтардың көпғасырлық экономикалық байланыстары олардың Араб түбегіне де, Үндіге де, Иран мен түркі тілдеріне сирия тілінің белгілі бір дәрежеде әсері болған Орта Азияға да өзінің мәдени ықпалын тигізбей қоймайды. Христиан дінінің метрополийдегі және отарлардағы сияқты соғдыларға да таралуы соғдылардың Сирия жазуымен танысуына мүмкіндік берді. Сирия жазуы соғды-христиандар арқылы ұйғырлардың қабылдауымен ежелгі түркі тайпаларына да таралды. Сириялықтар дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке аса зор үлес қосты. Олар Шығысты антикалық ең ежелгі заманнан бастау алған дүниежүзілік мәдениеттің даму сатысына көтерді» [20 , 34 б табылады да жатады. Сириялықтардың көпғасырлық экономикалық байланыстары олардың Араб түбегіне де, Үндіге де, Иран мен түркі елдеріне де сириялық діндердің белгілі бір дәрежеде әсері болған. Орта Азияға да өзінің мәдени ықпалын ол тигізбей қоймайды. Христиан дінінің метрополийдегі және отарлардағы сияқты соғдыларға да таралуы соғдылардың Сирия жазуымен танысуына мүмкіндік берді. Сирия жазуы соғды–христиандар арқылы ұйғырлардың қабылдауымен ежелгі түркі тайпаларына да таралды. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің қалыптасуы мен өркендеуінің келесі бір маңызды ошағына Соғды өркениеті жатады. Бұл өркениет көне Иран мәдениетінің қисынды жалғасы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғабитов Т.Х., Малдыбек А., Ахметжанов Д. Ұлы жібек жолы бойындағы мәдени сұхбат мәселесі Түркістан 2012

Түркі халықтарының тарихы 


К.Р. Аманжолов, Білім , Алматы , 2002 
wikipedia

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет