28
Бұл пікір сонау Швейцария ғалымы Ф. де Соссюрден бері қарай айтылып келе жатқан шындық.
Әртүрлі халықтардың бір-бірімен байланысы күшейген үстіне күшейе түскен қазіргі заманда
халықаралық тілдік қарым-қатынастың маңызы бұрынғыдан да арта түсетіндігі сөзсіз.
Фаузия Шәмсиқызы – қазақ тіл білімінде осы мәселені шындап қолға алған алғашқы зерттеушілердің
бірі болатын. Зерттеу нәтижесінде Фаузияның «Тілдік коммуникация негіздері» деген кітабы бірінші рет
1995
жылы жарық көрді. Осы кітап толықтырылып, кейіннен «Тілдік қатынас тоериясы» (2000), «Тілдік
қатынас негіздері» (2005), «Тілдік қатынас» (2005) деген атаулармен төрт-бес рет басылып шықты.
Зерттеушінің дәлелдеуінше, тілдік қатынастың екі түрі бар. Олар: ауызша тілдік қатынас және
жазбаша тілдік қатынас. Ауызша тілдік қатынас - «дыбыстық тілдік қатынас» деп аталады. Бұл қатынас
кітапта құлақпен естуге негізделіп, «айту» және «тыңдау» деп аталатын
екі бөлікке бөлініп
қарастырылады. Ал жазбаша тілдік қатынас - «таңбалық тілдік қатынас» деп аталынады да, ол көзбен
көруге негізделіп, «оқу» және «жазу» деген бөліктерге бөлініп зерттелінеді [4, 235].
Тілдік қарым-қатынас болу үшін екі түрлі тірек (шарт) қажет екен. Оның бірі – тілдік қарым-қатынасқа
түсуші адамдар, екіншісі – сол қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік бірліктер. Тілдік бірліктерді
автор «қатысымдық бірліктер» деп атайды. Ал қарым-қатынасқа түсуші адамдар: 1) хабар беруші
(зерттеуші мұны
баяншы деген термінмен атапты) және 2) хабарды қабылдаушы болып екіге бөлінеді.
Хабар беруші – сөйлейді, хабарды қабылдаушы – тыңдайды (естиді).
Осы екі тіректің арқасында
тілдесушілер бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі.
Зерттеушінің пікірінше, тілдік қарым-қатынас дұрыс болу үшін мынандай үш түрлі міндеттердің
дұрыс орындалуы қажет екен. Олар: 1) Хабар беруші хабарды дұрыс жеткізуі керек; 2) Тілдік бірліктер өз
орындарында дұрыс қолданылуы қажет; 3) Хабарды қабылдаушы оны дұрыс қабылдап, дұрыс түсінуі
керек. Ол үшін (яғни жоғарға міндеттер дұрыс орындалу үшін) әдеби тіл ұлт тілі ретінде нормаланған,
қалыптасқан болуы қажет және тілдік қарым-қатынасқа түсушілер тілдік тұлғалар болуы шарт.
Тілді зерттеуші ғалымдардың
айтқанына қарағанда, тілдік қарым-қатынас мынандай кезеңдерді
басынан өткеретіндігі айқындалған. Олар: 1) Хабардың пайда болуы, 2) Хабардың сыртқа шығуы
(айтылуы немесе жазылуы), 3) Хабардың тіл арқылы, тілдік бірліктер арқылы тыңдаушыға жеткізілуі, 4)
Хабардың қабылдануы (түсінуі), 5) Хабардың жауабы, яғни хабарға жауап берілуі (5, 180).
Бұл айтылғандар – зерттеуші Фаузия Шәмсиқызының түйіндеген тілдік қарым-қатынастың ғылыми
негіздері мен теориялық қағидалары. Ол өз еңбегінде бұлармен ғана шектеліп қалмайды. Ф.Ш.Оразбаева
зерттеулерін
ары қарай жалғастырып, тілдік қарым-қатынасты сапалы болу үшін білім беру мен
оқытудың теориялық мәселелерін, оның тиімді әдіс-тәсілдерін айқындады. Тілдік қарым-қатынас арқылы
қазақ тілін оқытудың бағдарламаларын, әдістемелік нұсқауларын жасады. Деңгейлеп оқытуға арналған
оқулықтар жазады, әртүрлі көмекші құралдар мен жаттығу жинақтарын дүниеге келтіреді,
бақылау
тестерін түзеді. Нәтижесінде қазақ тілін тек лексикалық, мағыналық және грамматикалық жағынан ғана
оқытып қоймай, оны айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым тұрғысынан да оқытудың маңызды
екендігін дәлелдеп береді.
Бұл тәсіл мемлекеттік тілді оқытуды жетілдірудің жаңа бір жолы болып табылады. Оның осындай
басқа тәсілдерден ерекшелігі – мемлекеттік тілді күнделікті қарым-қатынас жасау үшін ғана үйретіп қана
қоймайды, сонымен бірге қарым-қатынас тілі арқылы қазақ халқының сөз байлығын, сөйлеу шеберлігін
арттыруда да айырықша рөл атқаратындығында.
Фаузия Шәмсиқызы – ғалым ғана емес, сонымен бірге, ол – әнші. Әншілік Фаузияға алла тағаланың
қалауымен дарыған өнер. Мұндай өнерді жаратушы әркімге бере салмайды. Фаузия сияқты жаны таза,
ниеті ақ, көңілі пәк адамдарға ғана іріктеп береді.
Өзінің талғамына сай Фаузия кез келген әнді айта бермейді. Ол
әнді алдымен әуеніне, сазына,
иіріміне, содан кейін ән сөзінің мәніне, мағынасына қарай таңдап, талғап алып, содан кейін барып, әлгі
әнді айтады. Сондықтан болар, Фаузияның тамылжытып тұрып салған халық әндері тыңдаушылардың
бәрінің көкейіне қонады. Шындығын айтсақ, ұнатпасыңа қоймайды. Өйткені оның орындаған әндері
сазды әуенімен, сәнді ырғағымен, нәзік нақысымен, ұлттық бояуымен ерекшеленіп, еркіңді еріксіз билеп
алады. Халықтың көңілін көтереді, жаныңды рақатқа бөлейді.
Қорыта айтқанда, Фаузия Шәмсиқызы адам ретінде өз ортасына жаны жайдарлы,
пейілі кең,
парасатты да пайымды жан екендігімен танылды. Оның сыпайылығы мен тәрбиелілігіне қайран қаласың.
Ғалым ретінде жазған еңбектерінен өзіндік ерекше ойларын, тиянақты тұжырымдарын, байыпты
байламдарын байқау қиын емес. Оған мысалға қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың 6 деңгейлік
жаңа жүйесін қалыптастырғандығын және Фаузияның тікелей басшылығымен шыққан мемлекеттік тілді
өз бетінше оқып-үйренуге арналған 36 кітаптан, 6 электронды оқулықтан
тұратын оқу-әдістемелік
кешенді еңбектерін келтіруге болады.
29
Егер Фаузияның өзіне зерттеу нысаны болған синоним сөздермен айтар болсам, құрметті, ардақты,
қадірлі Фаузия Шәмсиқызы! Өзіңді біз жақсы көреміз, мақтан тұтамыз. Жеті онның басын құрап, оның
шыңына шықсаң да, сені біз жігері қайтпаған, ақылы асқан, ойы тасқан, халқы үшін аянбайтын жан деп
білеміз. Саналы ғұмырыңды ғылымға жұмсадың. Тынымсыз еңбектену арқылы талай жетістіктерге қол
жеткіздің. Ендігі тілеріміз: Абыройың арта берсін! Беделің өсе берсін! Алған, алатын атақтарың көбейе
берсін! - дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: