Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
1 2019

 
 
 



ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ 
 
Б.Абдрасилов 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің президенті, академик 
 
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті 
қызметкері, Халықаралық Ресей педагогикалық ғылым академиясының академигі
Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваға!
 
 
 
Құрметті Фаузия Шәмсиқызы! 
Киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
ұжымы Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды. 
Біз Сізді Тәуелсіз Қазақ еліндегі ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз-педагог ретінде жақсы білеміз. Сіздің 
бойыңыздағы кәсіби біліктілік, рухани кемелділік, ізгілікке толы мейірімділік, әділеттілік пен 
шынайылық секілді адами асыл қасиеттер әрдайым нұрын шашып тұрады. 
Сіз, білім мен ғылымның шыңына қайтпас қайсар мінезіңізбен, ақыл-ойыңызбен, кең құлашты 
ізденімпаздығыңызбен жеттіңіз. Ғылым жолына өз соқпағын салған тұлға ретінде Сізді қалың 
жұртшылық сыйлайды. Ал, сол соқпақпен артыңыздан ерген әрбір шәкіртіңіз өзіңіз іспетті ана тіліміздің 
дамуына өз үлестерін қосып келеді. 
Ұрпақ тәрбиесіне ден қойған Сіздің ізгілікке жол салғаныңызға бүгінде 50 жылға жуықтапты. Осы 
жылдарда көптеген игі істерге мұрындық болып, білім-ғылым саласында жаңа бастамалардың 
бастамашысы бола білдіңіз. Ізіңізді жалғар көптеген шәкірт тәрбиеледіңіз. Бүгінгі таңда сізден тәлім алған 
ғалымдар еліміздің түкпір-түкпірінде отан үшін қызмет етіп жүр. Бұл ұстаздың ең биік жемісі екенін 
ескерер болсақ, Сіздің мерейіңіз үстем деп білеміз.
Қазақ ғылымы мен білімінің дамуына қосқан сүбелі үлесіңіз биік бағаланып әр жылдары түрлі 
марапаттарға ие болғаныңызды жақсы білеміз. Бұндай марапаттардың Сіздің атыңызға ұсынылуы 
лайықты әрине. Мәртебеңізді өсірген «Ерен еңбегi үшiн» медалi (2003), «Қазақстан Республикасының 
ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» белгiсi (2008) ел есінде. Сондай-ақ, Қазақстан 
Республикасының жоғары оқу орындарының белгiлi ғалымы және педагогы (2005), Қазақстан 
Республикасының Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi (2005) атағы да, көзіқарақты азаматтардың көз 
алдында салтанатты тапсырылған болатын.
Сіздің тынымсыз ғылымға салған еңбегіңіз үлкен олжаларға, білім кеніне жеткізіп келеді. Олай 
дейтініміз, Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының Үздiк оқытушысы» мемлекеттiк грантының 
иегерi атануыңыз (2006), Гуманитарлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми-зерттеу еңбегi үшiн Шоқан 
Уәлиханов атындағы I дәрежелi сыйлықтың лауреаты (2008), Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi 
(2009), 
Мемлекеттiк ғылыми стипендияның иегерi (2012) болуыңыз сөзімізге айғақ болады. 
Қазіргі таңда Сіздің қаламыңыздан туған 400-ге жуық зерттеу еңбектер, 7 монография, 30 оқулық, 100-
ге жуық оқу құралдар мен әдiстемелiк нұсқаулықтар еліміздің жас ұрпақтарының санасына білім нәрін 
беріп келеді. Еліміздің барлық аймағында оқытылып келе жатқан типтiк бағдарламалар мен 
оқулықтарыңыз әрқашан шәкірт тәрбиесінің басты құралы болып қала береді деп ойлаймыз.
Фаузия Шәмсиқызы! Осындай мерейіңіз тасыған тамаша күнде Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, 
мағыналы да мәнді ғұмыр тілейміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет