Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Үшінші деңгей – іскери ауыз-екі сөйлеу тілінің тақырып құрамы



Pdf көрінісі
бет11/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   181
1 2019

Үшінші деңгей – іскери ауыз-екі сөйлеу тілінің тақырып құрамы 
дара мамандық негізіндегі басқару-
ұйымдастыру сөйлеу үлгілері 
зәру (актуал) тілдік материалдар мен сөйлеу модельдері 
фонетикалық минимум – логика-қатынасым әуен 
лексикалық минимум – іскери сөздер 
морфологиялық минимум – күрделі қосымша үлгілері 
синтаксис минимум – күрделі сөйлем үлгілері 
үшінші деңгей 
іскери ауыз-екі сөйлеу тілі 
басшы 
орынбасар 
бас маман 
бөлім 
меңгерушісі 
бас есепші 
Төртінші деңгей – әдеби ауыз-екі сөйлеу тілінің тақырып құрамы 
ауыз-екі сөйлеу тілінің қазақы ортада түсінісіуге 
жарайтын толық үлгісі 
төртінші деңгей 
әдеби ауыз-екі сөйлеу тілі 
көркем 
шығарманы 
оқып-түсіну 
қазақы 
ортада еркін 
сөйлеу 


17 
Қазақ тілінің төл дыбыстары бар болғаны 17 (19) дауыссыз және 9 дауысты дыбыстан құралады екен, 
барлығы – 26 (28). Есептеу-сараптау (статистика-эксперт) жолымен алынған мәліметке сүйенентін 
болсақ, бірінші деңгейде толық сөйлеп кету үшін бар болғаны 200-300 сөз білсе жетіп жатыр. Алайда, сөз 
жаттаған тіл білген емес. Қазақ тілінде көптеген морфологиялық үлгілер бар. Сол көптеген 
морфологиялық үлгіден күнделікті қажеті 13-15 қана екен. Синтаксиске келейік. Құрмалас сөйлем 
түрлерін жаттатып-талдатып әбден әлекке түсеміз, одан бала да, ересек те мезі болады. Айналып келгенде 
нәтиже де жоқ. Ал енді күнделікті сөйлесіп отырған адамымыздың сөзін байқап көрейікші. Тұрмыс-
тіршіліктің әңгімесі құрмалас сөйлемсіз-ақ бітіп жатыр. Олай болса синтаксистен тек бір ғана жай сөйлем 
үлгісін алады екенбіз. Әрине оның сұрақ-жауап, бұйрық-өтініш тәрізді үлгілерін ескереміз (құрмалас 
сөйлем үлгілері үшінші-төртінші деңгейге жеткенде ғана қажет екен, ал оған дейін оқушының бәрі бірдей 
жете бермейтінін жоғарыда ескерттік). Осылай қазақ тілінің «табан тасы» (фундаменті) қаланып алынады. 
Әрі қарай оның үстіне пән, іскери, ең соңында әдеби сөздер үстеліп кете береді. Ең бастысы сол бірінші 
деңгейде игерген сөйлеу үлгілері (модельдері) өзгеріссіз қала береді.
Жұрнақтар арнайы сабақ ретінде өтілмейді. Туынды сөздер жеке сөз ретінде беріледі, мысалы, 
жұмыс - работа өз алдына бір сөз, ал жұмысшы -рабочий өз алдына бір сөз. Сабақта пайдаланылатын 
зәру сөздердің саны шектеулі болғандықтан осылай меңгертіп алудың еш қиындығы болмайды. Оның 
есесіне басы артық ереже жаттатып, қосымшалардың фонетикалық варианттарын түсіндіріп әлек болып 
жатпаймыз. 
Жалғаулардың тіркесім реті де осы тектес. Мысалы, үй – дом өз алдына бір сөз, үйге – домой өз 
алдына бір сөз. Зәру сөздердің саны шектеулі болғандықтан, олардың жалғаулықты үлгілерін жеке сөз 
ретінде меңгерудің қиындығы болмайды. Айталық, бала күнде қайда баруы мүмкін: мектепке, үйге, 
көшеге, дүкенге.., бала күнде қайда болуы мүмкін: мектепте, үйде, көшеде, дүкенде.., бала күнде қайдан 
келуі мүмкін: мектептен, үйден, көшеден, дүкеннен... Сонда негізгі зәру сөздер бәріне ортақ екен: 
мектеп, үй, көше, дүкен. Оларды бір рет жаттап алса болды. Әрі қарай тек қосымшалы түрін ғана беріп 
отырамыз.
Қорыта келгенде, орыс тілді мектептерде (жұмыс орындары мен тіл үйрету орталықтарында) қазақ 
тілі екінші тіл (ана тілі емес) ретінде оқытылады. Сондықтан оқулықтың құрылымы мен мазмұнына
сондай-ақ қазақ тілін оқытудың әдістемесі мен оны оқытатын мұғалімдердің дайындығына қойылатын 
талаптардың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқулықтың құрылымы сөйлеу әрекетіне бейімделіп 
жасалатындықтан, қазақ тіліндегі барлық «грамматикалық» формалар қамтылмай, керісінше, күнделікті 
жиі кездесетін сөйленім үлгілері (грамматикалық ережелер емес) яғни сөйленім модельдер ғана алынады. 
Фонетикалық материал ретінде қазақтың төл дыбыстары, ал лексикалық материал ретінде қазақтың төл 
сөздері, синтаксистік материал ретінде тек жай сөйлем үлгісі пайдаланылады. Мәтіндер баланың 
(ересектің) алдынан күнделікті кездесіп отыратын зәру (актуал) жағдаяттар мен қарапайым танымдық 
мәні бар мәлімет төңірегіне құрылады. Сондықтан да дәріс үстінде пайдаланылатын сөздерді «зәру 
сөздер» деп атаймыз. 


18 
Проф. Ф.Оразбаеваның жоғары теориялық танымы мен тәжірибесі, көпшіл мінезі мен соңына ерген 
әріптес-шәкірттеріне деген оң пейілі арқасында көптеген ұжымдық еңбектер жарық көріп жатыр. 
Ғалымның толассыз еңбек, тоқтаусыз ізденісінің нәтижелері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 
орнықтырып, күнделікті қатынас тіл ретінде аясын кеңейтіп, көпшіліктің игерім деңгейін көтеріп, 
Қазақстан жұртының ортақ тіліне айналар сәтін жақындата түсуге проф.Ф.Оразбаева көшбасшы ғалым-
әдіскер, ал еңбектері көшбасшы ғылыми-әдістеме ретінде күнделікті ықпалын тигізе бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет