Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет23/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Динамикалық түйнек-
Ішек қозғалысының қызметінің бұзылуынан пайда болуы. Олар көпшілігінде іш куысы ағзалары мен мүшелерінің кабынуынан.
перитонит, холецистит, аппендицит,жарақатты улану мен уыттанудан, ішектің қан тамырларының тромбозынан, іш перденің артында қан ұйуынан (гематома).

Ішектің өткізгіштігі бұзылғанда пайда болатын түйнек. Олар:бөгде заттар, нәжіс тастары, ісік, Крон ауруы, тыртықты стеноз (ішек ішінде)


Ішектің сыртынан қысылуынан пайда болатын түйнек. Олар: ісік,ішектің жабысыуы.
Белгілері:жалпы жағдайы ауыр, іштің кебуі.
Нәжіс пен желдің шықпауы, нәжіс құрамды құсуы. жайылмалы ауырсынуы, іш перденің тітіркенген белгісі, перкуссияда - жоғарғы тимпанит, ішек тербелісінің болмауы,тахикардия,қан қысымының төмендеуі. Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау.
Емі: ішек қозғалысын жандандыру үшін: прозерин, ацеклидин, хлорлы натрийдің аса қаныққан ертіндісін (10% -60 мл) көк тамыр арқылы енгізу.
• хирургиялық ем.
Механикалық түйнек
Бұл түйнектің бірнеше түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіндері екі топқа бөлінеді - обтурациялық және странгуляциялық түйнек депатайды.
Обтурациялық түйнек - ішек қуысының бітелуі.
Оның себептері: ісік, нәжістен пайда болатын құмалақ тастар,аскариданың бір-бірімен жабысып, шүйкеленуінен. Белгілері: белгісі біртіндеп басталуы, толғак тәрізді үдемелі аурсыну, ішек толық бітелгенде нәжіс иісті кұсық, нәжіс пен желдің шықпауы,іштің қатуы, іш өтумен алмасуы, уыттануы. Алғашқы көмек пен емі:тыныштандыру, мұзды мұйық қою тасымалдау,
Емі: хирургиялық ем.
Стронгуляциялық - ішек иірімдерінің бір-бірімен жабысып, қысылуы. Оның себептері: іш жарығы,әртүрлі іштегі тыртықтар.
Белгілері: шаншып, толғақ тэрізді ауырсынуы, кейде есеңгіреуі мүмкін, нәжіс пен желдің шықпауы,түйнек ішектің жоғары бөлігінде орналасқан сайын, сол ғүрлым қүсықтың жиілеуі, ішек толық бітелгенде нәжіс иісті тұрақты құсық,
іштің қатуы, іш өтумен алмасуы, уыттануы. Валь белгісі оң - іштің ассиметриясы,
жалпы жағдайы өте ауыр болуы, тамыр соғысы жіптей,суық тер басуы, Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою,тасымалдау,
перитонит белгісі болмаса -сифонды клизма жасау,зонд пен асқазанды босату және жуу, бүйрек айналасына блокада, инфузионды-трансфузионды ем,нәтиже болмаса - оперативті ем. Инвагинациялық түйнек - бүл кезде ішектің жоғарғы бөлімі, төменгі бөлімінің ішіне еніп, қосарланған обтурациялық және странгуляциялық түйнек пайда болады.. Көбінде ащы ішектің бір-бірінің ішіне кіруі, ащы ішектің соқыр ішектің ішіне кіруі. Бұл түйнек балаларда жиі кездеседі. Белгілері:күтпеген жерден аурсынудың пайда болуы, оның толғақ тәрізді әрбір 15-20 минутта қайталануы, қатты ауырғаннан науқас қозып, айқайлап, төсекте үстінде жанталасуы, нәжіс пен желдің шықпауы,
тік ішекті саусақпен көргенде, оның ұшында қан мен шырыштың болуы,
ұстама болмағанда - іші жүмсақ,инвагинация болған жерде цилиндр тәрізді тығыз қураудың пайда болуы,
Алғашқы көмек пен емі:тыныштандыру,мүзды мұйық қоюу, тасымалдау,
перитонит белгісі болмаса -сифонды клизма жасау, асқазанға түтік салу, уыттануга карсы ем, хирургиялық ем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет