Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Омыртқа бағанының бел омыртқалары сынғанда



бет31/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Омыртқа бағанының бел омыртқалары сынғанда:

  1. Науқастың омыртқа бағанасын майыстырмай, төрт адам бірдей, абайлап қатты зембілге немесе қалқаңға жатқызады.

  2. Науқастың денесін кеудесін, жамбасы және тізе тұсынан жалпақ бинтпен бекітіп байлайды.

  3. Науқасты шалқасынан жатқызғанда бел астына валик қойылады.


Жамбас сүйектері сынғанда көрсетілетін шұғыл көмек.
Мақсаты: Жарақаттық шоктың алдын алуы, транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Жамбас сүйектерінің сынуы, жамбас қуысындағы мүшелердің зақымы.
Ресурстар: Қатты зембіл, 30см биіктігі бар валик, орамал немесе ақ жайманың ұзын бөлігі, 2мл 2% промедол ер-сі.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты қарап, тыныштандыр.
2.Жамбас сүйектері сынғанына көзді жеткіз.
3.Манипуляция барысын түсіндір.
4.Қолды спиртпен өңдеп резеңке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сеімін бас – 2мл 2% промедол ер-ң б/е енгіз.
6. Науқастың омыртқа бағанасын майыстырмай, төрт адам бірдей, абайлап қатты зембілге немесе қалқаңға жатқызады.
7.Науқастың аяғын тізе буынында бүгіп, арасын ашып қой.
8.Тізе астына валик сал. («Бақа тәріздес қалып»).
9.Науқастың тізелерін орамалмен немесе ақ жайма бөлігімен валикке мықты қылып байлап, қой.
10. К/т 500мл полиглюкин ер-ң тамшылатып енгізу, кордиамин 2 мл к/т.
11. ҚҚ, тамыр соғысын, тынысын жол бойы бақылау.
12. Травматология бөлімшесіне тасымалдау. курортное лечение.


Тақырып№ 8. Жамбас және жамбас ішіндегі мүшелердің жарақаттары.
Мақсаты: Жамбас сүйектерінің сынығының түсінігін ,себебін, белгісін білу ,бірінші мед .көмек көрсетуді, асқынулардфы тани білу. Тасымалдау мен бекітудың ерекшеліктерін. Емдеу принциптерін, күтімін білу керек.
Дәріс тезистері.
Жамбас сүйегінің сынулары. Жамбас сүйегінің сынулары көбінесе жол апатында байқалады. Жамбас сүйегінің сынуларының түрлері.

  1. Жамбас дөңгелегінің бүтіндігі бұзылмайтын сынықтар:

  1. Сегізкөздің қиғаш сынуы

  2. Құйымшақтың сынуы

  3. Ұршық ойпанының сынуы

  4. Мықын сүйегінің қалқанының көлденең сынуы

  5. Шат немесе отырғыш сүйектер бұтағының біреуінің сынуы

  6. Мықын сүегі айдарының сынуы

  7. Мықын сүекінің мүйіздерінің сынуы

  8. Отырғыш сүйегінің төмпешігінің сынуы

  1. Жамбас сүегінің бүтіндігі бұзылатын сынықтар:

  1. Алдыңғы жарты дөңгелектің тік сынуы: а)шат сүйегінің екі бұтағының сынуы ; б) шат және отырғыш сүйектерінің сынулары

  2. Артқы жарты дөңгелектің тік сынулары: а) мықын сүйегінің қалқанының сынуы; б) сегізкөздің қиғаш және тік сынуы

  3. Артқы және алдыңғы жарты дөңгелектердің Мальген түріндегі қосарланып тік сынулары

  4. Жамбас дөңгелегінің көп сынық болып сынуы

  5. Жамбас сүйектерінің сынуы және шығулары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет