Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет30/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Диагностика. Омыртқа бағанының ренгенографиясы, КТ.
Емі. Хирургиялық операция, бірақ жұлынның толық үзілуінде операция нәтижесіз болады.
Омыртқа бағанасының жарақаттарында көрсетілетін шұғыл көмек.
Мақсаты:Асқынулардың алдын алуы, транспорттық иммобилизацияны дұрыс өткізу.
Көрсеткіші: Омыртқа бағанасының жарақаттары.
Ресурстар: Қалқан немесе қатты зембіл немесе иммобилизациялық вакуумды зембіл, валик, 2% промедол ер-сі, полиглюкин, кордиамин, Еланский жақтауы, Шанц жағасы, тонометр, фонендоскоп, жалпақтығы 20-25 см бинт.
Ескерту: Омыртқа сынулары жұлынның зақымымен қосарланып байқалу мүмкін, және жиі жағдайларда жарақаттық шок белгілері байқалады.
Әрекет алгоритмы:
Пневматикалық жақтаумен бекіту:
1.Науқасты қарап шығыңыс.
2.Омыртқа сынығына көз жеткізіңіз.
3.Науқасты тыныштандырыңыз.
4.Манипуляция барысын түсіндіріңіз.
5.Төрт адам, абайлап, бір адамдай науқасты көтеріп, зембілге жатқызады.
6.Зембілдің сыртқы қапшығының бауларын байлаңыз.
7.Зембілдің қуыстарынан ауаны сорғышпен сорып алыңыз. Сонда зембіл қатайып денені нақты бекітеді.
8. Зембілді екі адам көтеріп, тасымалдайды.
Ескерту: Вакуумды зембіл жоқ болған жағдайда науқасты қалқаңға немесе қатты зембілге жатқызып тасымалдайды. Науқас ессіз болған жағдайда ет бетімен тасымалдау қажет.
Омыртқа бағанының мойын бөлігі сынғанда:
1.Жәбірленушіні қатты зембілге немесе қалқаңға шалқасынан жатқызып мойын астына валик қою.
2.Мойынға Шанц жағасын кигізу.
3.Ауырсыну сезімін жою – 2мл 2% промедол ер-ң б/е енгізу.
4.К/т 500мл полиглюкин ер-ң тамшылатып енгізу, кордиамин 2 мл к/т.
5.ҚҚ, тамыр соғысын, тынысын жол бойы бақылау.
6. Травматология бөлімшесіне тасымалдау.
Омыртқа бағанының кеуде бөлігі сынғанда:

  1. Жәбірленушіні қатты зембілге немесе қалқаңға шалқасынан жатқызып сынған жердің астына валик қою.

  2. Ауырсыну сезімін жою – 2мл 2% промедол ер-ң б/е енгізу.

  3. К/т 500мл полиглюкин ер-ң тамшылатып енгізу, кордиамин 2 мл к/т.

  4. ҚҚ, тамыр соғысын, тынысын жол бойы бақылау.

  5. Травматология бөлімшесіне тасымалдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет