Тақырып 1 Жалпы паразитология. Гельминтология


Паразитологияның басқа пәндермен байланысы



бет2/3
Дата03.01.2024
өлшемі29.83 Kb.
#488419
1   2   3
паразит1

Паразитологияның басқа пәндермен байланысы.
Ветеринариялық зоопаразитология көп пәндермен тығыз байланысты. Солай, инвазиялық аурулар қоздырушыларының жүйелігін, морфологиясы мен биологиясын оқу үшін жалпы биология және зоологияға паразитологияны жақындатады. Клиникалық диагностика, физиология, патологиялық физиология және патологиялық анатомия пәндерің жақсы білмейінше инвазиялық аурулардың пайда болу себебін табу, ажыратуды өткізу және диагноз қою өте қиын. Инвазиялық аурулардың экологиялық сипаттамаларына қатысты таралу сұрақтар, паразиттерге қарсы дәрілік заттарды таңдау және емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру сұрақтары паразитология пәнін эпизоотология, фармакология, ішкі жұқпалы емес аурулар, ветеринариялық істі ұйымдастыру және экономика пәндерімен байланыстырады.
Патогенетикалық терапияны дұрыс ұйымдастыру және өткізу, инвазияның дәрежесін анықтау үшін микробиологиялық, биохимиялық және биофизикалық зерттеулер өткізу қажет.
Көптеген паразиттік аурулар жануарлар мен адамдарға ортақ болғандықтан, паразитолог-дәрігер мұқият шын мәнінде эпидемиология, ветеринариялық-санитарлық сараптау, ветеринариялық қызмет көрсету мәселелерін білуі тиіс.
Инвазиялық аурулармен күресу үшін малды азықтандыру мамандар, зоогигиена және агрономия мамандары бірлесіп жұмыстар атқарады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсаты – жануарларды паразиттік аурулардан сақтау және адамды зооантропозооноздардан қорғау.

Паразитологияның міндеттері:
- жалпы паразитологияның кейбір теориялық сұрақтарын оқу;
- студенттерді жан-жақты әлемдегі жануарлар паразиттерімен, олардың өзара қарым-қатынас түрлері, жүйелігі, морфология және биологиясымен таңыстыру;
- ауруларды балау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін зерттеу;
- студенттерді инвазиялық аурулармен күресу үшін жергілікті табиғи және экономикалық жағдайына байланысты ғылыми-негізделген шараларды жүргізуіне үйрету;
- студенттерді қоршаған орта құралдар мен әдістер түрлерімен, жануарларды паразиттерден қорғау жолдарымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет