Қойма есебін тексеру. Қойма есебін жүргізу кезінде негізгі бұзушылықтар теріс
өтпелі қалдықтардың болуынан, түсімдер туралы жазбалардың жоқтығынан, қоймалық
және бухгалтерлік есеп карточкалары мәліметтерінің айырмашылығынан, қалдықтарды
қате санаудан тұрады.
Теріс өтпелі қалдық түскен материалдардың толық емес немесе уақытында
кірістірілмегендігін немесе өтпелі қалдықтардың қате есебін білдіреді.
Қоймадағы материалдар есебін материалды-жауапты тұлға болып табылатын қойма
меңгерушісі немесе қоймашы жүргізеді. Бұл лауазымға шығындар үшін, ұрлық үшін
сотталған немесе сенімнен айырылу бойынша жұмыстан шығарылған адамдар
қабылдануы мүмкін емес.
Қоймашыны қабылдау немесе оны лауазымынан босатқан кезде міндетті түрде
тегіс инвентаризация жүргізілуі тиіс.
Материалды қорлардың толық және уақытылы кірістірілуін тексеру. Сонымен қатар
аудитор ТТН-да, шот-фактураларда, қабылдау актілерінде көрсетілген құжаттың күні мен
номерін, атауларын, өлшем бірлігін, санын, материалдардың бағасын және басқа қосымша
құжаттарды салыстыруы тиіс.
Айырмашылық анықталған жағдайда аудитор қарама-қарсы тексеруді жүргізеді
немесе құжаттардың көшірмесін сұратады.
Жеке тұлғалардан нарық бағалары бойынша ТМҚ сатып алу кезінде актілерді
рәсімдеудің дұрыстығы анықталынады.
Дайын өнімді өндіруге және шаруашылық қажеттіліктерге, қайта өңдеу үшін тауар-
материалды құндылықтарды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін бақылау
және өзгерістерді реализациялау мен қорлар ликвидацияланбауының тәртібі және тауар-
материалды құндылықтарды пайдаланыстан шығару құқығын тексеру. Бұл үшін бекітілген
лимиттер негізінде материалдарды нормативтік жіберу жүзеге асырылады. Аудитор дайын
өнімді шығаруға шикізаттың, материалдың, жанармайдың артық шығынын, әрекеттегі
нормативтермен сәйкес материалдық қорларға қажеттілігі дұрыс анықтала ма, жаңа
қондырғыларды орнату кезінде шығын нормаларына уақытылы өзгерістер енгізіледі ме
екендігін бекітуі тиіс.
Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:
1 Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.
2 Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит
жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.
Әдебиет
1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 299-324 б.
2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 197-200 б.
Достарыңызбен бөлісу: |