Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық
елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны
туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,
салықтарды
дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды
әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет
нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың
шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын
арадағы келісімшартпен
толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін
болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет
белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін
тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық
қызметтері кіретін болса, онда
мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал
жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса
жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің
коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен
қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу
қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды бөліп көрсету керек:
- кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын
қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін
ақпараттық тәуекелді
қолайлы деңгейге дейін азайту;
- шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін
жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
- кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде,
инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
- кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған
бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын
тексеру;
- заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына
шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
- кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін
бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер
бойынша клиентке кеңес беру
қызметін көрсету;
- клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және
кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және
сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.
Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен
бағалау.
Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі
көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.
Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу,
маркетинг, құқық,
қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.
Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны
және есеп берулерді жасау.
Достарыңызбен бөлісу: