Тақырып 7 «ашық механикалық жарақаттар жаралар» ашық механикалық жарақаттар жаралар



бет3/10
Дата17.10.2023
өлшемі3.72 Mb.
#480923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
29bcf0f7-14f3-422c-a5bf-2ea684039361 (1)

Кенеттен болған жаралар, бұларға жоғарыда аталған жаралардың барлық түрлері жатады, олар кездейсоқ жағдайда пайда болғандықтан инфек-цияланған болады, ал әдейі жасалынған (операциялық) жаралар — асепти-калық жаралар деп аталады.
Инфекпиялану дәрежесі бойынша олар асептикалық және инфекция-ланған жаралар болып бөлінеді. Екінші рет инфекцияланған жаралар — көбінесе операциядан кейінгі жараларда болады, бұлар дұрыс қарамаған жағдайда (медицина қызметкерлері немесе науқастардын өздеріне байла-нысты) жара пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен соң іріңдеуі мүмкін.
Жаралар біреу немесе көп болып бөлінеді.
Ж АРАЛАРД ЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛПЛЕРІ
Клиникалық белгілері дененің осы жерінің ауыруы, жараның шеттерінің ырсиып ашылуы, қан ағуы және осы жердің қызметінің нашарлауы мен басталады.
Жаралардың жазылуы күрделі биологиялық процесс болып есептеледі. Олар шартты түрде үш кезеңге бөлінеді.
Гидратация кезеңі бірден жарақаттан кейін басталады және бірнеше тәу-лікке дейін созылады. Ісу белгілерімен сипатталады. Бұл кезеңде емдеуде жарадағы барлық керексіз заттардың шығуы үшін (жараны кесу, дранаждау: гипертониялық ерітінділерді қолдану) жағдай туғызу керек.Дегидратация кезеңі. Жараның тазалануы, ісіктің азаюы. өлі тканьдардың және фибринді ұйысқан қан түйірлерінің еруі, грануляция пайда болады. Грануляциялық тканьдардың пайда болуы (антисептикалық ерітпелер. майлы таңбалар. сирек таңу) үшін жағдай туғызу қажет.
Эпителизация кезеңі жараның кемістік жерін жабатын эпителиаль тканінің пайда болуымен сипатталады. Осыменен бірге грануляцияланған тканьнан тыртық ткань пайда болады. Ертерек қозғалулар, жылы процедуралар, майлы таңбалар қолданылады.
Әрбір кезеннің ұзақтығы жарадағы өзгерістерге, емдеу тәсіліне, организмнің жалпы жағдайына және инфекцияның бар жоқтығына байланысты болады.
Жаралардың жазылуы төмендегі түрлерге бөлінеді.
Жараның алғашқы тез жазылуы (заживление ран первичным натяжением) асқынусыз жазылған жара деп аталады. Бұған жарада микробтардың болмауы, жараның шеттері бір-біріне жақындап жабысып тұруы қажет. Жазылу орта есеппен 6-8 тәулікте тыртық жіңішке сызықша болып бітеді.
Жараның шеті ашылып, ырсиып. іріңдесе онда ол асқынып жазылады Жараның бұлай жазылуын асқынып жазылу (заживление ран вторичным натяжением) деп атайды. Бұған себеп жарада өлі тканьдардың мезгілімен тазаланып, жоқ болуы, грануляцияның пайда болуы.тыртық тканьның және эпителизацияның болуы шарт. Асқынып жазылу ұзаққа созылады (бірнеше аптаға) тыртығы жуан, дөрекі болып бітеді. Оның тыртықтануынан буын-ның қимылының нашарлауы (контрактура), егер тыртыкқ буынға жақын болғанда пайда болады.
Қабыршықтың астындағы жараның жазылуы. Терінің кішігірім жа-рақаттарында жара бетінде ұйыған қан, лимфадан жұқа қабық (струп) пайда болады. Қабыршықтың астының жазылу процессі жаралардың регене-рапиялануының жалпы көзқарас қағида бойынша, бірақ едәуір тезірек жа-зылады, себебі қабыршық жараны микробтардың түсуінен және жарақаттан сақтаушы биологиялық таңғыш қызметін атқарады.
Жараның микробпен ластануы. Әр түрлі кенеттен пайда болған жараның микробпен ластануы жиі кездеседі. Микробтар жараға жарақаттаушы құрал, киім қиқымдарымен бірге, терінің шетінен келіп түседі.
Жарадағы микробтардың өсіп-өнуі үшін микробтардың вирулентгігі, жара өзегінің аймағындағы тканьдардың, қан айналысының және жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауы, дененің қорғаушы күштерінің бәсеңдеуі себеп болады. Микробтардың өсіп-өнуі үшін қолайсыз болған жағдайларда микрофлора жоқ болып кетуі мүмкін.
Жараның іріңдеуі. Жарадағы іріңдеу процесінің белгілі клиникалық белгі-лері болады: жара шеттерінің қызаруы. олардың ісінуі. қатаюуы, жергілікті, сондай-ақ жалпы температураның көтерілуі, солқылдап ауыру пайда болуы, дененің осы-бөлімінің қызметінің нашарлауы байқалады.
Жарадағы ісік экссудаты іріңді ісікке (қанның ақ түйіршіктерінің санының көбеюі) айналады. Жабық жарада үлкен ірінді ісіктер пайда болып, тканьдар арасына тарайды.
Іріңдеген жараларды емдеу, іріңнің сыртқа шығуына жақсы жағдай туғы-зудан және бактерияға қарсы ем жүргізуден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет