Тақырып: аибд ұҒПО(Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы)



Дата09.11.2023
өлшемі496.39 Kb.
#482833
Аятов Ерасыл ИРК 211 бөж2






Баяндама


Тақырып: АИБД ҰҒПО(Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы)
Орындаған: Аятов Ерасыл

2023-2024



Алдымен сайтқа кірсек сайтта маңызды бөлімдер жазылған. Яғни арнайы және инклюзивті білім берудің Ғылыми Практикалық орталығы . Сайт өте жақсы жасалынған. Соның ішінде ерекше балаларды оқытудың арнайы әдістемелік кешендері де берілген. Яғни ерекше балаларға кітаптар да берілген екен. 3 тарауға бөлінген. Әр тараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы : 1 тарауда интеллект бұзылысы бар балаға кітап тағайындалса 2ші тарау құлағы нашар еститін(есту қабілеті нашар), 3шіде көру қабілеті нашар балаларға кітаптар бар. Және соған арналып деңгеймен кітаптар берілген.

Сайттың тағы бір бөлімінде ата-аналарға пайдалы ақпараттар берілген. Яғни суретте көрсетілгендей мына 6 бөлімде ата-ана осындай балалармен қалай жұмыс жасалу керектігі, көптеген бейнесабақтар берілген. Электронды тренажерлар бөлімінде интерактивті тапсырмалар мен жаттығулар берілген.
Ресурстық орталықта былай айтылған: АИБД ҰҒПО-ның инклюзивті білім беруді дамытудың ресурстық орталығы арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ресурстық орталық - бұл оқу процесінде инклюзия қағидаларын іске асыруда және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасауда мұғалімдерге көмек көрсету үшін құрылған арнайы ұйымдастырылған кеңістік. Ресурстық орталық базасында мектептер үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, мұғалімдерді оқыту, балалардың жеке білім беру маршруттарымен жұмыстар жүргізіледі.
Біздің ресурстық орталық қызметінің мақсаты - Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық ресурстық орталықтарының қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру. Ресурсты орталықтың басты міндеті ата-аналар мен басқа да мүдделі тұлғаларға консультация беру. Және сайтта ерекше балалар үшін маңыздысы арнайы білім беру ұйымдары көрсетілген. Арнайы білім беру ұйымдары:
- Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар (сәбилер бақшалары,балалар бақшалары)
- Арнайы мектеп ұйымдар (мектептер)
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер
- Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері
- Оңалту орталықтары
- Аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы (аутизм орталығы)(РАС)
Сайтта әрқайсысына кіріп көрсек ұйымдар туралы нақты жазылған. Мысалы мен арнайы мектеп ұйымдарына кірдім:

ПДФ форматтағы документте әр облыстағы арнайы мектептер көрсетілген. Және олардың ұялы байланыс телефондары, мекен-жайы өте ыңғайлы форматта көрсетілген.
Орталықтың электрондық кітапханасы бөлімінде әртүрлі балалар үшін, әртүрлі ерекшелікпен кітаптарды табуға болады.
Енді мына бөлімге тоқталсақ:



Бұл жоғарыдан басқа 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде осылай бұйрықтар мен мазмұндары жазылған.
Қорытындылай келе сайт өте ыңғайлы деген шешімге келемін. Себебі сайтта барлық ақпараттар бар, барлық құжаттарға кіріп көруге болады. Инклюзивті оқуға арналған кітаптарды басып алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет