Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері


Адам денесінің құрылымы. Организм және оны құрайтын элементтер



бет4/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе

4. Адам денесінің құрылымы. Организм және оны құрайтын элементтер
Организм - өзін-өзі қайталап жасауға, өздігінен дамуға және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар тірі биологиялық біртұтас жүйе.
Организм-бұл тарихи қалыптасқан тұтас, ұдайы өзгеріп отыратын өзінің ерекше құрылымы мен дамуы бар, қоршаған орта мен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе. Организм жекелеген дар құрылымдардан-бірыңғай тұтас болып біріккен ағзалар, тіндер және тіндік элементтерден тұрады.
Жасуша - тірі ағзаның қарапайым бір бөлігі. Тірі ағзаның көбею, зат алмасу сияқты қасиеттері жасушалар арқылы жүзеге асырылады.
Жасуша – микроскопиялық құрылым, көлемі бірнеше микрометрден (лимфоцит жасушалары), 200 микрометрге дейін болады. Пішіні де әркелкі. Адам ағзасында дөңгелек, ұршық тәрізді, жазық, призма, цилиндр, жұлдызша тәрізді жасушалар кездеседі.
Жасуша сыртындағы цитолемма қабықшасы оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Цитолемма сыртқы, ортаңғы, ішкі жапырақшадан тұрады. Жасуша ішінде ядро орналасқан. (латынша – nucleus, греч. – Rarion), ол генетикалық ақпаратты сақтайды және ақуыз түзілуге қатысады. Ядроны қоршай цитоплазма орналасқан.


Тін – жасуша мен жасушааралық заттан тұратын, құрылысы мен қызметі бірдей күрделі құрылым. Тін- жасуша және жасушаралық заттардан тұратын өзіне тән белгілі қызметтерді атқаратын жеке гистологиялық жүйе.
4 түрлі тін бар.
І. Эпителий тіні. Адам ағзасының сыртын және қуысты мүшелердің ішкі бетін астарлайтын тін. Ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды, ішкі және сыртқы секреция бездерін құрайды.
Эпителий тінінің 2 түрі бар:

  1. Бір қабатты

  2. Көпқабатты

Бірқабатты эпителий тіні жазық, цилиндр, куб тәрізді, көпқатарлы призматәрізді кірпікшелі болып бөлінеді.
Көпқабатты эпителий тіні мүйізденетін, мүйізденбейтін және өтпелі болып бөлінеді.
Тері мүйізді көпқабатты эпителий тінімен жабылған, асқазан бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий тінімен астарланған, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий тінімен астарланған. Зәр шығару мүшелерінің эпителий тіні өтпелі эпителий тінінен тұрады.
ІІ. Дәнекер тіні – жасуша және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық зат коллагенді, эластикалық және ретикулярлы болып бөлінеді. Дәнекер тіні: нағыз дәнекер тіні, шеміршек және сүйек тіні болып бөлінеді.
Нағыз дәнекер тіні –болбыр және тығыз дәнекер тіні болып бөлінеді.
Болбыр дәнекер тінінде жасуша саны көп және негізгі затта талшықтар ретсіз орналасады. Бұл тін қан тамырларының жанында орналасады.
Тығыз талшықты дәнекер тінінде жасуша саны аз. Талшықтар реттілікпен тығыз орналасады. Бұл тінге буын байламдары және сіңір байламдары жатады.
Дәнекер тінінің қызметі:
- тірек,

  • қорғаныш,

  • трофикалық.

Шеміршек тіні – шеміршек жасушаларынан (хондроциттар) және негізгі заттан тұрады.
Түрлері: - гиалинді,
- коллаген талшықты,
- эластикалық.
Гиалинді шеміршек тіні буын беттерінде, қабырға ұшында орналасқан.
Коллаген талшықты шеміршек тіні өте мықты, омыртқааралық дискіде, шықшыт буынында және төс-бұғана буынында орналасқан.
Эластикалық тінде – эластикалық талшық өте көп, сондықтан серпімділік қасиеті бар.
Көмейдің мүйіз және ожау, бөбешік тәрізді шеміршегі, құлақ қалқаны, есту түтігінің шеміршекті бөлігі және сыртқы есту түтігінде орналасқан.
Сүйек тіні – сүйек жасушаларынан және жасушааралық заттан тұрады.
Жасушааралық зат оссеин (коллаген) талшығынан және бейорганикалық тұздан тұрады.
ІІІ. Бұлшық ет тіні – адам ағзасында қимыл қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тіні ерекше жиырылу қасиеті бар құрылым- миофибрилладан тұрады.
Бұлшық ет тінінің 2 түрі бар: - бірыңғай салалы

  • көлденең жолақты (қанқаның және жүректің)

Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Қан тамырларының, қуысты мүшелердің (асқазан, ішек, зәр шығару, жатыр) бұлшық ет қабатын құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні адам еркінен тыс жиырылады, бұл тоникалық жиырылу. Көлденең жолақты бұлшық ет тіні қаңқа бұлшық етін құрайды. Көлденең жолақты бұлшық ет көпядролы көлденең жолақты талшықтан тұрады. Жиырылуы адам еркіне байланысты – тетаникалық жиырылу. Жүректің көлденең жолақты бұлшықеті адам еркіне бағынбайды.
ІV. Жүйке тіні – жүйке жасушаларынан және нейроглия затынан тұрады.
Нейроглияның қызметі: - тірек,
- трофикалық,
- қорғаныш қызметін атқарады.
Жүйке жасушалары мен нейроглия жүйке жүйесін құрайды. Жүйке жүйесінің морфофункциональдық бірлігі жүйке жасушалары ( нейроцит, нейрон). Нейронның денесі және 2 түрлі өсіндісі бар. Өсінді санына байланысты:
- жалған униполярлы – жалған бір өсінділі;
-биполярлы – екі өсінділі;
-мультиполярлы – көп өсінділі;
Ұзын өсінді аксон (нейрит) бұл өсінді жүйке импульсын жүйке жасушасының денесінен жұмысшы мүшеге өткізеді.
Қысқа тарамдалған өсінділері дендриттер деп аталалады. Бұл өсінділердің ұштары жүйке қозуын қабылдап оны жасуша денесіне өткізеді.
Қызметіне байланысы: сезімтал (афферентті), қозғалтқыш (эфферентті), аралық байланыстырушы (ассоциативтік).
Ағзалар, ағзалар жүйесі туралы түсінік.
Тіндер жиынтығы ағзаны құрайды.
Ағза - өзіне тән пішіні, құрылысы бар, ағзада белгілі орны бар және өзіне сәйкес қызмет атқаратын дененің бір бөлігі.
Ағза құрамына бірнеше тін кіреді, бірақ бір тін негізгі қызметін атқаратын тін болып табылады.
Ми үшін негізгі тін жүйке тіні, бұлшық ет үшін – бұлшық ет тіні. Азадағы қалған тіндер көмекші тіндер болып табылады. Эпителий тіні асқорыту, тыныс алу, зәр шығару ағзаларының ішкі бетін астарлайды, дәнекер тіні тірек, трофикалық қызмет атқарып, ағзаның негізін құрайды, ал бұлшық ет тіні қуысты мүшелердің қабырғасын құрайды.
Ағзаларды ішкі, тірек-қимыл аппаратының ағзалары және соматосенсор (сезім мүшелері және тері деп бөлуге болады. Ішкі ағзаларда қуысты және паренхиматозды ағзаларды ажыратады. Тірек-қимыл жүйесі ағзаларына сүйек, байламдар және бұлшық еттер жатады. Барлық ішкі қуысты мүшелердің жалпы құрылысы үш қабаттан тұрады: ішкі-шырышты, ортаңғы- бұлшықет және сыртқы-дәнекер тін. Сыртқы дәнекер тін қабаты болбыр дәнекер тіннен тұруы мүмкін, ол «адвентиция» деп аталады, немесе сір қабаттан тұрады (тығыз дәнекер тін бірқабатты жазық эпителиймен(эндотелий) қапталғанда сір (серозды) деп аталады).
Паренхиматозды ағзалар оның қанқасын (каркас) түзетін строма-дәнекер тіннен, және ағзаның негізгі заты- паренхимадан (ұлпадан) тұрады.
Ағзалар жүйесі – бұл өздерінің құрылысы, атқаратын қызметі және дамуы жағынан ұқсас, біртекті ағзалардың жиынтығы.
Жалпы бірге дамып, бір қызмет атқаруға бағытталған ағзалар – ағзалар жүйесін құрайды.
-Тірек-қимыл аппараты;
-Асқорыту жүйесі;
-Тыныс алу жүйесі;
-Зәр шығару жүйесі;
-Жыныс ағзалары;
-Жүрек-қантамырлар жүйесі;
-Жүйке жүйесі;
-Ішкі секреция бездері;
-Сезім ағзалары жүйесі;
Асқорыту жүйесі түтікше тәрізді, алғашқы ішектен дамиды, барлығы жиылып бір қызмет атқарады
Бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, асқорыту түтігінің эпителий
қабатының өсінділері болып табылады.
Мүшелер аппаратына тірек-қимыл, зәр шығару, жыныс мүшелері, эндокринді аппарат жатады. Аппаратта мүшелер бір қызмет атқаруға бағытталған, бірақ дамуында, құрылысында айырмашылықтары болады.
Организмнің біртұтастығы,құрылымдық ұйымдасуы туралы түсінік.
Организм-бұл тарихи қалыптасқан тұтас, ұдайы өзгеріп отыратын өзінің ерекше құрылымы мен дамуы бар, қоршаған орта мен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе .
Организмнің тұтастығы, яғни оның бірігуі (интеграциялануы): 1) организмнің барлық бөлшектерінің (жасуша, тін, ағза, сұйықтықтыр т.б.) қосылуымен; 2)организмнің барлық бөліктерінің: а) оның тамырларында, қуыстары мен кеңістіктерінде айнала ағып жататын сұйықтықтардың (гуморалдық байланыс, humor-сұйықтық), ә( организмнің барлық үрдістерін реттейтін нерв жүйесінің көмегі арқылы байланысуымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет