Тақырып: Қарым-қатынас іс-әрекеттің түрі ретінде Кафедра



бет5/6
Дата16.05.2024
өлшемі199.55 Kb.
#501311
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтану (1)

Қортынды

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды.


Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.


Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құалдарына тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өзі өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру.


Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдык-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-катынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субъектілері қасиеттерінің үйлесуі адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.

Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д. Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады.


Бұл келіс Г. Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған.


Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау - хабар - арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.).


Эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат», «жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет