Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі.Лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.
1.Жоғары психикалық қызметтер дамуында сөйлеудің орны.
2.Адамның қоғам мүше ретінде қалыптасуында тілдің мәні, оның қызметі мен құрылысының даму жолдары.
3.Сөйлеу мен тілдің қалыптасу және әлеуметтенуіне даму бұзылыстарының ықпалы.
4.Тіл кемістіктерін психолингвистикалық талдау.
1. Жоғары психикалық қызметтер дамуында сөйлеудің орны.
Өміріміздің алғашқы айларынан бастап бала адамдар арасында болады. Ол адамдарды көреді, сөздерін естиді, сөз адамның бар екендігін білдіретін бастапқы шартты тітіркендіргіш болады. Бала 3-5 айлық кезінде-ақ анасын, өзін күтетін басқа адамдарды да ажырата алады. Барлық жагдайда да дауыс адамды ажыратудың айтарлықтай мэнді белгісі болады. Бұл уақытта бала тиісті мимикаға байланысты дауыс ырғағын ажырата бастайды.
Сөзге сэйкес шартты байланыстар түзелгенге дейін балада алғашқы сөйлеу шуылы - жұтқыншақ, көмекей, таңдай, ерін жэне т.б. дыбыстар пайда болады, олар соңынан біртіндеп жіктеліп, сөз дыбыстарының түзелуіне себепші болады. Баланың айтатын әрбір дыбысы оның есту мүшесінде де, сондай-ақ сөйлеу мүшесінде де афференттік импульстар туғызады. Мидың қыртыс қабатына жеткен соң бұл импульстар, сөздің шартты байланыстарын орнықтыруда ролі зор сигнал болып табылады.
Сөйлеу жэне ойлау қабілетін меңгеру процесі адамның үлкен мисыңарлары қыртысындағы шартты байланыстардың негізгі бөлігі міндеттітүрде сөз тітіркендіргіштерінің қатысуымен түзіледі. Сондықтан, бүл жағдай кейде жағымды, ал кейде жағымсыз шартты байланыстардың түзілуінде тездетеді. Жекелеген сөз тітіркендіргіштерін жалпылаудың, жэне түр, одан соң дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздерге сөйлеудің шарты байланыстарының баланың жоғары дэрежелі жүйке қызметінде елеулі орны бар. Қозудың талғамы иррадиация процесі жалпылаушы ұғымдардың пайда болу негізі. Үлкен ми сыңарлары қыртысының аналитикалық-синтездік қызметі бірте-бірте шындықты дерексіздендіретін, абстракті ойлауға жетелейтін жаңа жалпылаудың қайнар көзі болады. Оқу мен жазуды үйрету ойлау процесінің одан эрі дамуына жэрдемдесе отырып, екінші сигналдық тітіркендіргіштердің маңызын одан эрі күшейте түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |