Тақырып «Аталарымыздың ерлігі-біздің мұрамыз» Сынып: 5 Мақсаты



жүктеу 74.32 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі74.32 Kb.
Тақырып «Аталарымыздың ерлігі-біздің мұрамыз »

Сынып: 5

Мақсаты: Еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында 5 сынып оқушыларына сұрапыл соғыстың мәнің, оның барысы мен қазақстандықтардың бұл жеңіске қосқан үлесін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушылар адамгершілікке, адамзат тарихында болған сұрапыл соғыспен таныстыра отырып, өзге халықтарға деген сүйіспеншілікке, толеранттылыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: тақырып бойынша қортынды жасауда дағды қалыпастыру.

Көрнекілігі: ҰОС туралы жазылған еңбектер, фотосуреттер, интербелсенді тақта және ауыл ардагерлерінің суреттері.

Мұғалім: «Соғыстың сұрапыл дауылында күркіреген зеңбірек зелзаласында, оқ пен от ішінде өткен қайран біздің жастық шақ! Бүгін мектепке қарай томпандап бара жатқан бүлдіршіндей балаларды көргенде сол күндер еріксіз еске түседі. «Соғыс жылы тумаған, соғыс қасіретін көрмеген балаларды көру не деген ғажап бақыт еді» деген бір ой көңілді шаттыққа бөлейді.Осы бабалар аман болсы екен ізгі тілек қолқанды суырғандай жан жүрегіңнен жарып шығады» –бұл сөздің авторы соғысқа қатысып, оның тозағын өткен партизан Әди Шарипов өзінің күнделігінде жазған екен. Бұл соғысты көрмеген, біз үшін ол бақыт, қазіргі жас ұрпақ үшін ата-бабаларымыздан қалған бейбіт өмір мұра болу керек.

Жүргізуші: Ия, Ұлы Отан соғысы –адамзат санасына, дүние ЖҮЗІ ТАРИХЫНА ӨШПЕСТЕЙ ІЗ қалдырып, совет Одағының барлық халықтары басқыншыларға қарсы қасиетті соғысқа бір адамдай көтерілді.

Мұғалім: Соғыс бітті, бейбіт заман орнағанының биыл біз 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Отан үшін құрбан болған батырларымыздің жанқиярлық ерліктерін естерімізден тастамауымыз жас ұрпақтың, яғни сіздердің парызыңыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызда сол жылдары өмір сүрген ата-бабаларымыздың ерлігі мен көрген ауыр азаптарын айтпауға болмас.

Ән «Прощание Славянки» ақырын айтып тұр



Мұғалім: 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат төртте неміс әскерлері КСРО –ның батыстағы шекарасы Брест қамалына Рибентроп-Молотов пактісін бұзып, ешбір хабарландырусыз соғыс ашты.

Жүргізуші: 1418 күн мен түнге созылған бұл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Соңғы мәліметтер бойынша бұл соғысқа 1 млн 161 мың қазақстандық қатысты. Оның 600 мыңы соғыс алаңында қаза болды. Соғыс жылдары республикада 62 атқыштар , 4 кавалериялық дивизия, 7 бригада мен 50 полк құрылды.

Мұғалім: Алғашқы соққы Брест қамалына түскен еді.

Слайд Брест қамалы.



Марлен: 22 маусым 1941 жылы соғыстың бірінші күні қазақстандық жауынгерлер Отаның қорғауда қару –жарақпен қарсы алды. Бұл күн кейбір жауынгерлер үшін соңғы күн болды. 2012 жылдың 26 маусым дерегі бойынша Брест қамалын қорғауға 456 қазақстандық қатысқан. Оның ішінде Ақмола облысынан 3 жауынгер бар еді.

Мұғалім: Отанымның жүрегі,

Астананы қорғандар,

Шақпақ болған жыланның

Тартпай бойға заһарын.

1941 жылдың күзінде немістер КСРО –ның астанасы Мәскеуге беттеді.

Слайд Мәскеуді қорғауда



Сымбат:

Мирас: Мәскеуді қорғауда ерлік пен қажырлық көрсеткен 28 панфиловшы, Қазақстанның «халық Қаһарманы» аға лейтенанты Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров, саяси басшы Мәлік Ғабдуллин еді. Төлеген Тоқтаров болса неміс әскерінің штабына кіріп, 5 неміс офицерін өлтірді. Барлығы 115 солдат пен офицерін мерт қылды.

Темірлан:Генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы Ұлы Отан соғысында ерліктері үші «Гвардия» «Қызыл ту» және Ленин ординдерімен марапатталды. Дивизия құрылған Алматы қаласында монумент қойылды.

Марлен

Мұғалім: Мәскеуге баратын «төте жол» деп Гитлер Мәскеу маңындағы Ржев қаласы туралы айтқан болатын. Қанша уақыт өтсе де, бұл жердегі шайқас жас ұрпақ үшін маңызды.

Слайд Ржев монументі



Зарина: Ржев қаласы 11 ай немістердің оккупациясында болып, бірақ бұл қаланы азат ету кезінде болған шайқас әлі тарихшылардың зерттеуінде. Бұл қаланы азат етуде қазақстанда құрылған 100 және 101-ші атқыштар дивизиясы және 13 мыңнан астам қазақстандық бар еді. Жеңістің 65 жылдық мерей тойлар алдында бұл жерде президент бастауымен қазақстандық жауынгерлеріне арнап монумент ашылды.

Темірлан: Ленинградтық өренім!

Мақтанышым сен едің,

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағындай көремін...

Уа, қаһарман, өренім,

Мақтанышым, беделім!...

Қаласындағы Лениннің сайып қыран, өренім!


  • Бұл жолдарды Жамбыл атамыз ленинградтықтардың рухын көтеру үшін жіберген еді.

Мұғалім: Ленинград қаласы немістің қоршауында 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін созылған еді.

Әділ: 1941 жылдың қыркүйек айында неміс пен фин әскерінің қоршауына түскен Ленинград қаласы көп азап көргенімен, жауға берілген жоқ. Ленинград қоршауда 882 күн немесе 2 жыл 5 ай болды. Қазақстандықтар Ленинградқа өз көмегін 314-ші және 310-шы атқыштар дивизиясымен, «Киров» крейсирінің экипажындағы 156 қазақстандық жауынгер мен алматылықтардың өз жанұяларына Ленинградтан әкелген адамдарға көмегі арқылы іске асты. «Невскии пяточок» деп аталған шайқаста болған 5000 мың әскердің 600 –і қазақстандық жауынгері еді. Алматылық Елена Бородина сөзінен

Дамира «Мен қоршауда болған әйелмін. Немістердің Ленинградқа жасаған тозағын көрген едім. Қазақстанда бізге қарап жылады-үсті –басымыз қап-қара, киіміміз жыртық, денеміз арық . Өйткені Ленинградта жарық, су, тамақ жоқ. Жұмыс істегендер 250грамм, істемегендер 125 грамм нан алушы еді. Қазақстан біз үшін екінші-Отанға айналды. Бізге көмек беріп, құрметтеп, махаббатқа бөледі» .

Темірлан: Ұлы Отан соғысының шешуші бетбұрыс шайқастарының бірі және ең маңыздысы Сталинград шайқасы.

Мұғалім:1942 жылдың 17маусымда сталинград шайқасы басталып, 200 күн мен түнге созылып, Кеңес әскерінің ірі жеңісімен аяқталды.

Нұрбол: Сталинград облысы Қазаққстаннан 500 км қашықтықта орналасты сондықтан 1942 жылдын 11 қыркүйегінде Батыс Қазакстан облысында әскери жағдай енгізілді. Сталинградты азат етуде Ақмолада құрылған 29 атқыштар дивизиясы В.И.Чуйковтың құрамасында болды. 2 қазақстандық 27-ші және 292-ші атқыштар дивизиясы Сталинградтың солтүстік-батысында щайқасса, Орал қаласында құрылған 152-ші атқыш бригадасы Волга өзеніне немістерді жақындатпады.

Ерасыл: Жамбыл атамыздың баласы Алғадай Синельников қаласының маңында болған шайқаста 19-шы гвардиялық кавалериясының пулеметшілерін басқарып, ерлік жасап қаза тапты. Ғани Сафиуллиннің басқаруында болған 73-ші дивизия жаудың 120 танкі мен 800 машинасын құртты. Қарағандылық Нұркен Абдіров 1942 жылдың 19 желтоқсаныңда аспан шайқастарында өз самолетімен жаудың танкілеріне құлап Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Айгерім: Нұркеннің ерлігі мен айбын-даңқын,

Жырлайды домбыра алып ауылда ақын.

Есімі ескермесін, ен даланың

Сөнбейтін алауындай лауылдасын.

Сонымен қатар Сталинград қаласынды асқан ерлігімен Қасым Аманжолов, минометші Қарсыбай Сыпатаев және лейтенант Рамаевқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сталинград қаласының бір көшесіне қазақстандықтар құрметіне «Казахская» деп аталды.

Темірлан: Соғыс жылдары қазақстандықтар тек соғыста ғана емес,тыл жұмыстарында өздерін көрсете алды. Қазақстанда 1941-1945ж 240 зауыт пен фабрикалар іске қосылды. Олар шығарған заттар «бәрі соғыс үшін, бәрі жеңіс үшін» ұранымен жасалды.

Мұғалім: Соғыс жылдарында шыққан «Правда» газетінде қазақстандықтар туралы былай жазды «Соғыста қазақтар жақсы шайқасып жатыр, фронт үшін олардың әкелері, аналары мен әйелдері жақсы жұмыс істеп жатыр. Қазақстан жан аямай жеңіс күнін өзінің жер байлықтарымен, тау жақындатып жатыр».

Мерей: Ұлы Отан соғысында асқан ерлік пен қайраттылық көрсеткен 500 қазақстандық ҰОС батыры атағын алды. Төрт қазақстандық ұшқыш Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда мен Иван Павловқа Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағы берілді. .

Мұғалім: балалар білесіңдер ме Т.Бигельдинов қай жерде дүниеге келді?Әрине, ол біздің жерлесіміз Майбалық ауылында дүниеге келген. Талғат Бигельдинов 305 ұшып, өзінің жазбасында бір қызық оқиға туралы жазған.

Аманжол: «Корсун-Шевченковск ауданында болған операция кезінде бір қызық оқиға әлі есімде. 1941 жыл немістер Мәскеу маңында бір айла тапты. Паровозға бомба тағып қояды, ол маңында 15 км дейін аумақтың бәрін қиратады. Командование маған сол паровозды тауып, жойып жіберуге бұйрық берді. Күннің бір күнінде паровоз туралы ешбір хабар жоқ, өзім ұшып шықтым көрейін деп. Ойда жоқта төтеннен бір паровоздың көлеңкесі шалынды көзіме. Қуанғанымнан айқайлай жіберіппін. Енді сен құтыла алмайсың менең. Бүйірінен келіп зеңбірек пен пулеметтен оқ жаудырып өттім. Паровоз орнында үйірілген темір қалдықтары қалды. Үстін айнала ұштым, тып-тыныш екен. Фотосуретке түсірдім де, аэродромға тарттым.

Темірлан: Қазақстандықтар бұл соғыста Ресейден Еуропаға дейін барып, Польша, Эстония, Австрия, Украина т.б. елдердің фашистерден азат етті.

1945 жылдың 16 сәуірінде Берлин операциясы басталып, 2 мамыр күні Берлин толығымен Кеңестердің қолына көшті. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқыларының бірі Ақмолалық Рақымжан Қошқарбаев еді.



Мұғалім: Ал батыр қыздарымыздың ерлігі ел есіңде мәңгілік қалады. Олар кімдер? Әрине, Мерген қыз Әлия Молдағұлова Және пулеметші Мәншүк Мәметова. Сонымен бірге Гвардия аға лейтенанты ұшқыш –штурмовик қыз Хиуаз Доспанова .2004 жылы оған еліміздегі ең жоғары «Халық Қаһарманы» атты атақ берілді.

Темірлан: Жүректен, Отан ана, сүйем сені,

Бір сенсің еркін адам еткен мені!

Өмірде өрге өрлетер сен болмасаң

Жүрегім менің дағы соқпас еді.- осындай ойлармен Жеңіс үшін 1941жылдан-1945 жылға дейін әрбір қазақстандықтың жүрегі соғылды.

Мұғалім: Ия, Темірлан, жыл сайын 9 мамыр күні барлық қазақстандықтар ҰОС ардагерлері мен тыл еңбекшілерін еске алады. Батыр ұлдары мен қыздарын, Қазақстандықтар мен 14 ағайынды республиканың батырларын және біздің парызымыз оны есімізден шығармау!

Ақмола облысы

Қызыл суат ауылы

№39 негізгі мектеп

Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы

Тәрбие сағат

«Аталарымыздың ерлігі-біздің мұрамыз»

Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі Кыдыралина Н.Н



5 сынып

2014-2015 оқу жылы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет