Тақырып: Азаматтық құқықтық қатынас субьектілері


-бап. Заңды тұлғаның органдары



бет4/4
Дата18.11.2022
өлшемі286.83 Kb.
#465210
1   2   3   4
азаматтык

37-бап. Заңды тұлғаның органдары


1. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.

2. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңнамалық актілер мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.



Өтепова Ақжүніс Арманқызы
Құқықтану 202

-Сөз жұмбақ


- Ребус
-Глоссарий
-Эссе
-Реферат

Сөз жұмбақ:


Тақырып: Азаматтық құқық обьектілері
































З











































а


































т











































т





































а








































р






  1. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға жатады?

  2. Материалдық дүниенің бір бөлігі.

  3. Обликацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы ......

  4. Заттардың бір түрі

  5. Заттардың екінші бір түрі

  6. Жылжымайтын мүліктік түрі?


ҚР Азаматтық кодексi
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi


1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар, цифрлық активтер мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi


1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн мүліктің түрлерi (айналымнан алынып тасталған) заңдарда тiкелей көрсетiлуге тиiс. 
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi) жол берiлетiн мүліктің түрлерi заңдарда белгiленедi. 
3-1. Цифрлық активтердің ұғымы мен түрлері, сондай-ақ цифрлық активтер айналымының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамаcында, "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды. 

117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік


1. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар) жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады. 
Егер кондоминиум объектісінің құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болса, олар дербес жылжымайтын мүлік объектілері (түрлері) болып танылады. 
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері, ғарыш объектілері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестіріледі. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін. 
Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актілердің жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтін нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетілген заттарға қолданылады. 
3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлік жылжымалы мүлік деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тіркеу талап етілмейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет