Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі.
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биліктің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биліктің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан:
- дәстүрлі,
- харизматикалық,
- легальды – рационалдық.
Билік бөліну принципі.
Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. Француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.
Қорытынды:
Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан Жак Руссо: ол халық суверенитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір- біріне мүлдені тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |