Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңында (2007 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Бухгалтерлік есептің міндеттері келесілер болып табылады:
шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау;
ақшалай, материалдық, еңбек, отын – энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау;
қаржылық - өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу;
өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау;
шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.
Бухгалтерлік есептің деректері ғылыми негізделген, нақтылы, өз уақытын да жинақталған болуы керек.
3. Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылыр мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементтеріне жатады. Басқару дегеніміз шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Ақпараттар деп шаруашылық өмірдегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын қанағаттандырады, екіншіден кәсіпорындардағы бухгалтерлер мен басқарушылырдың талабын қанағаттандырады. Яғни, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар есептің мақсатын, мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды ұйымдастырудың сипаттамасы мен сапасын, бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылары мен принциптерін, есеп жүргізудің техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапаым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалуы керек.
Сонымен бухгалтерлік есеп көп ақпараттардан тұрады. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік және т.б. талаптар қойылады. Шындық түсінігі жүргізілген эксперимент және санадан ауытқымайтын, логикаға жататын негізден қалыптасады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері нақтылы шындықты көрсетуі үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәліметтің барлығы да бастапқы құжаттар арқылы жүргізілуі керек.
Өз уақытында дер кезінде орындалатын талап. Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялар қажет.
Қажетті дәлдік талабының негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалану мен кәсіпорынның өз ішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған.Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолютті дәлдікті көрсетуі керек.
4. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзінде реттелуі
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізу процесі келесідей нормативтік актілермен реттелген.
Заң күші бар Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заңында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің барлығы да бухгалтерлік есеп жүргізуге және осыған байланысты арнайы ережелер мен принциптерді сақтауға міндетті деп танылған. Заң күші бар Президенттің Жарлығы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мен реттеудің бірінші кезеңі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |