Тақырып: Даму стратегияларын және бизнесті кеңейту


Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары



бет3/3
Дата25.01.2022
өлшемі20.73 Kb.
#454818
1   2   3
Тақырып17

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:

  • Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымдығы;

  • Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын бизнестің барлық субъектілері үшін қажеттілігі;

  • Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады:

Қаржылық қолдау көрсету;

Шағын бизнесті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;

Бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру

Бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын бизнес субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;

өнеркәсіп саласын ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін немесе сенімгерлікпен берілген объектілерді шағын бизнес субъектілеріне 1 жыл өткен соң өтеусіз беру.

Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ  елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.

Жоғарыда аталған заңда (Жеке кәсіпкерлік туралы) алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.

Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.



Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет