Бұл үшін бір жүрек циклының ұзақтығын анықтайды және бір минуттағы осындай циклдардың санын есептейді.
3. ЭКГ вольтажын анықтау. Ол үшін стандартты шықпалардағы R сермелерінің амплитудасын өлшейді. Қалыпты жағдайда ол 5-15 мм тең.
3. ЭКГ вольтажын анықтау. Ол үшін стандартты шықпалардағы R сермелерінің амплитудасын өлшейді. Қалыпты жағдайда ол 5-15 мм тең.
4. Жүректің электр осінің орналасуын анықтау. Стандартты шықпалардағы электр осінің орналасуы және QRS комплексінің ұзындығы арасындағы байланыс Эйнтховен үш бұрышында көрінеді. Стандартты шықпадағы ЭКГ негізінен фронтальды жазықтықтағы жүректегі электр күшінің бағытының қозғалысын көрсеткендіктен, бұл жазықтықты негізі жоғары, ал ұшы төмен қарайтын тік қабырғалы үш бұрыш түрінде көрсетуге болады.
5. ЭКГ – нің бөлек элементтерінің биіктігі мен ұзақтығын анықтау. P сермесінің, P – Q аралығын, QRS және QRST комплексінің өлшемдерінің сермерлері ең жақсы көрінген стандартты шықпада жүргізіледі.
5. ЭКГ – нің бөлек элементтерінің биіктігі мен ұзақтығын анықтау. P сермесінің, P – Q аралығын, QRS және QRST комплексінің өлшемдерінің сермерлері ең жақсы көрінген стандартты шықпада жүргізіледі.