Тақырып: геморрагиялық инсульт қабылдады: камысбаев м. У орындады: султанбаева ю. А геморрагиялық инсульт жайлы түсінік (слайд) – Райымбекова Меруерт



бет3/8
Дата08.12.2023
өлшемі2.46 Mb.
#485948
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8

ПАТОГЕНЕЗ

  • Геморрагиялық инсульттің даму механизмі екі жағдайға байланысты. Олардың біріншісі- тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм,
  • ал екіншісі – ми тамырларының иннерварциясы бұзылуы мен қан қысымының кенеттен көтеріліуіне байланысты оттегіні тасымалдау жеткіліксіз болғандықтан оларда дистрофиялық өзгерістердің пайда болуы.
  • Осы өзгерістердің салдарынан қан қысымы күрт көтеріледі де, миға қанның ақырын сіңуі немесе тамыр жарылуына байланысты құйылуы байқалады. Геморрагиялық инсульттің пайда болуына осы факторлардың екеуі де ықпал етуі мүмкін.

ПАТАЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

  • Қан құйылған ми жарты шары біршама үлкейген. Аурудың шұғыл кезеңінде ми кесіндісі мен ми қыртысы астындағы түйіндерден ұйыған қан көрінеді. Ми ісінген, ондағы сұр және ақ зат арасы әрең ажыратылады, кейде тіпті байқалмайды. Бүйірлік қарыншалар кеңейген, ал үшінші қарынша бір жағына ауытқыған.
  • Гистологиялық тексеріс көмегімен жаңадан қан құйылған ошақтарда өзгерген эритроциттерді, шіріген ми ткані мен тамыр жобаларын ұшыратуға болады. Ми тканіне жайылған қан ішке қарай периваскулярлық кеңістіктерге кіреді де, оны қабат – қабатқа бөледі. Қан құйылған қуыс қопсыған ми тканімен қоршалған. Онда қан құйылғаннан 24 сағат өткенде жеке шарлар пайда болады. Қан құйылған ошақтарда екі және одан көп аптадан кейін сілтіленген эритроциттер байқалады.

КЛИНИКАСЫ

  • Көбінесе күндіз көңіл – күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады, онымен тілдесу мүмкін емес.
  • Сырқат құлаған жерінде қимылсыз жатады. Беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамырының соғуы баяу, тынысы тарылған. Науқаста зәр мен нәжіс өздігінен шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін.
  • Бас сүйек – ми нервтерін тексергенде көз қарашығының кеңуі мен екі қарашықтың біркелкі еместігі, оның жарыққа әсерінің азайғандығы, көз алмасының патологиялыө ошаққа қарай бұрылуы (көз қарасының салдануы) , өздігінен нистагм, бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет