100%
Төменде «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1- тоқсан бағалары есебі мысал түрінде берілген.
«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының бөлім бойынша және 1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
29% + 45% = 74%
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.
Аталған шәкіл негізіндегі 74%, «4» деген бағаға сәйкес.
«Математика» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4».
Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).
Төменде 5-сыныптың «Математика» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі
Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%
Дөңгелектелген мәні 80% тең
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген баға.
«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».
Қорытынды: осылайша, ЖБҮ ұғымның анықтамасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау, тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |