Тақырып Жиынтық бағалау үдерісі (ЖБҮ) Жоспар


Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі



бет4/8
Дата06.04.2023
өлшемі0.56 Mb.
#471826
1   2   3   4   5   6   7   8
20.03.23ж. тақырып № 9 ЖБ

Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру


Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз). Аталған жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың кестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-ден артық жиынтық жұмыстарды өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады.
Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір күнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі және көшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу ұсынылмайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.
Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау әдетте мұғалімдермен өткізілетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге, мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).
Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

  • Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын орнын ойластыру қажет.

  • Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.

  • Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.

  • Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет