Тақырып: Жүрек аритмиясы



бет3/5
Дата07.11.2023
өлшемі1.16 Mb.
#482583
1   2   3   4   5
патфиз

Аритмияның жіктелуі.

  • Аритмияның барлығы номотопты және эктопиялық болып екіге бөлінеді. Номотопты аритмияларда жүрек ырғағы мен темпінің бұзылыстары синоатриалды түйіннің өзінен басталса, эктопиялық аритмияларда синоатриалды түйіннен тыс, яғни атриовентрикулярлы немесе қарыншада туындайды.

Аритмиялар құрылымы

Номотопты аритмиялар: синусты тахикардия, синусты брадикардия, синусты аритмия, синусты түйіннің әлсіздік синдромы (СТӘС).

Номотопты аритмиялар: синусты тахикардия, синусты брадикардия, синусты аритмия, синусты түйіннің әлсіздік синдромы (СТӘС).

Эктопиялық аритмиялар:

Баяу:

  • • баяу жүрекшелік ырғақ немесе атриовентрикулярлы түйін ырғағы;
  • • баяу идиовентрикулярлы ырғақ немесе жекеленген сырғанақты жиырылулар;
  • Белсенді:

  • • Жылдам эктопиялық ырғақ: жүрекшелік, атриовентрикулярлы түйіннің, идиовентрикулярлы;
  • • экстрасистолия (қарыншаүстілік және қарыншалық) және парасистолия;
  • • қарынша үстілік тахиаритмия: жүрекшелік пароксизмалды тахикардия, атриовентрикулярлы пароксизмалды тахикардия, жүрекшелердің жыбыры (фиб­рилляциясы) және дірілі;
  • • қарыншалық тахиаритмиялар: қарыншалық пароксизмалды тахикардия, қарыншалардың жыбыры (фиб­рилляциясы) және дірілі;

Синустық аритмия

  • Синустық аритмия синустық-жүрекшелік торапта пайда болатын серпіндердің жиілігі өзгеріп тұруынан жүрек жиырылуының біресе жиілеуі, біресе сиреуі болады. Ол тыныс алумен байланысты өзгереді. Сондықтан, бұл аритмияны тыныстық аритмия деп атайды. Өйткені демді ішке тартқанда жүрек соғуы жиілейді, ал демді сыртқа шығарғанда ол сирейді.

Мұндай аритмия жиі жас балаларда және жасөспірімдерде байқалады. Синустық аритмияның дамуы кезбе нервтің тонусының өзгеріп тұруынан (демді ішке тартқанда төмендеп, сыртқа шығарғанда көтерілуінен)байланысты. Ересек адамдарда мидың сыртқы қыртысының қызметімен кезбе нервтің тонусының өзгерістері теңгеріліп тұрады. Сондықтан бұл аритмия ересек адамдарда байқалмайды. Ал мидың сыртқы қыртысының қызметі бұзылғанда, наркоз, шок кездерінде синустық аритмия айқын дамиды және ол науқастың жағдайының ауырлауының нышаны болып есептеледі.

  • Мұндай аритмия жиі жас балаларда және жасөспірімдерде байқалады. Синустық аритмияның дамуы кезбе нервтің тонусының өзгеріп тұруынан (демді ішке тартқанда төмендеп, сыртқа шығарғанда көтерілуінен)байланысты. Ересек адамдарда мидың сыртқы қыртысының қызметімен кезбе нервтің тонусының өзгерістері теңгеріліп тұрады. Сондықтан бұл аритмия ересек адамдарда байқалмайды. Ал мидың сыртқы қыртысының қызметі бұзылғанда, наркоз, шок кездерінде синустық аритмия айқын дамиды және ол науқастың жағдайының ауырлауының нышаны болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет