Тақырып 11. Экологиялық мәселелердің бірі техногенді ластанулар.
Экологиялық мәселелердің бірі техногенді ластанулар.
Техногенді ластану және техногенді қалдықтар мәселесі
Қоршаған ортаның ластануы деп қандай да бір экологиялық жүйеге тән емес, оның өнімділігін төмендететін немесе аталған экожүйені қирататын кез келген жанды немесе жансыз құрамдас бөліктерді, зат пен энергия алмасу, айналым үдерістерін үзетін немесе бұзатын физикалық немесе құрылымдық өзгерістерді енгізуді атайды. Ластану көбінше табиғи апаттардан, мысалы, жанартау атқылаудан болатын табиғи ластануға және адамның ісқимылының нәтижесінде болатын антропогендік ластануға бөлінеді (1-сурет)
Антропогендік ластаушылар материалдық (шаң, газ, күл және т.б.) және физикалық немесе энергетикалық (жылу энергиясы, электрлік және электромагниттік өрістер, вибрация) болып бөлінеді. Материалдық ластаушылар механикалық, химиялық және биологиялық түрлерге бөлінеді. Оларға атмосферадағы шаң және аэрозольдар, судағы және топырақтағы қатты бөлшектер жатады. Химиялық ластаушылар атмосфераға, гидросфераға сырттан келетін және қоршаған ортамен әрекеттесетін газ, сұйық және қатты агрегаттық жағдайлардағы әртүрлі химиялық қоспалар мен элементтер – қышқылдар, сілтілер, күкірттің қос тотығы, эмульсиялар және басқалар болып табылады. Биологиялық ластаушыларға адамның қатысумен пайда болатын және оған зиянды организмдердің барлық түрлері – саңырауқұлақтар, бактериялар, көк-жасыл балдырлар және т.б. жатады. Қоршаған ортаның ластануын келесі түрде қысқаша тұжырымдауға болады:
1. Қоршаған ортаның сапасының нашарлауы.
2. Адам шикізат пен материалдар өндірген және дайындаған кезде заттардың, энергияның, еңбектің және құралдардың биосфераға босқа шашылып, қайтымсыз қалдықтарға айналатын лазымсыз шығындарының пайда болуы.
3. Тек жекелеген экологиялық жүйелердің ғана емес, тұтас биосфераның қайтымсыз қирауы, оның ішінде қоршаған ортаның жаhандық физикалық-химиялық өлшемдеріне келетін кері әсерлер.
4. Құнарлы жерлердің ауылшаруашылықтық қолданыстан шығып қалуы, экологиялық жүйелердің және тұтас биосфераның өнімділігінің төмендеуі.
Қоғамның басты өндіруші күші – адамның физикалық және ғибараттық жағдайының тікелей немесе жанама түрде нашарлауы. Абстракттік тәсілдеме бойынша қоршаған ортаның барлық мәселелерін адаммен байланыстыруға, қоршаған ортаға жасалатын кез келген кері әсерді шаруашылық қызметпен айналысушы, өнім өндіруші, техникалық озықтық дамытушы, тіпті Жер ғаламшарының жай ғана тұрғыны ретіндегі – адам жасайды деуге болады. Осыған байланысты адамның қызметінің қоршаған ортаға ерекше зиянды әсер ететін кейбір жақтарын талдау қажет. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластаушы және нашарлатушы негізгі көздер өнеркәсіп, көлік, қазіргі заманғы техникаларды тұтыну және пайдалану, кенттену (урбанизация) және т.б. болып табылады. Мұндай тәсілдеме адам қызметінің қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе қауіп туғызатын салаларын бөліп алып қарастыруға, олардың салдарын түзету немесе алдын алу жолдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Қоғамның басты өндіруші күші – адамның физикалық және ғибараттық жағдайының тікелей немесе жанама түрде нашарлауы. Абстракттік тәсілдеме бойынша қоршаған ортаның барлық мәселелерін адаммен байланыстыруға, қоршаған ортаға жасалатын кез келген кері әсерді шаруашылық қызметпен айналысушы, өнім өндіруші, техникалық озықтық дамытушы, тіпті Жер ғаламшарының жай ғана тұрғыны ретіндегі – адам жасайды деуге болады. Осыған байланысты адамның қызметінің қоршаған ортаға ерекше зиянды әсер ететін кейбір жақтарын талдау қажет. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластаушы және нашарлатушы негізгі көздер өнеркәсіп, көлік, қазіргі заманғы техникаларды тұтыну және пайдалану, кенттену (урбанизация) және т.б. болып табылады. Мұндай тәсілдеме адам қызметінің қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе қауіп туғызатын салаларын бөліп алып қарастыруға, олардың салдарын түзету немесе алдын алу жолдарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.
Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай:
физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)
химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары).
Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады.
биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.
Ластану көздеріне қарай:
|