Мақсаты. Бүгінгі таңда үздіксіз экологиялық білім беруді жетілдіру, экология пәні бойынша оқу-құралдарын жасап мектеп бағдарламасына енгізу. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.
Әдісі. Экологиялық білім беруде – экологиялық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған, үздіксіз жүргізілген теориялық және практикалық сабақтар арқылы жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу жатады.
Елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуы орынды жағдай. Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін енгізу қоршаған орта мен адам арасында байланыс орната отырып, экологиялық проблемаларды шешудің тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймыз. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінде, ең бірінші - бала табиғат заңдылықтары туралы ілімді отбасынан алу керек, содан-соң балабақшада, мектептерде, университеттерде, мамандарды қайта даярлау орталықтарында және жұртшылық арасында жаппай экологиялық проблемаларды түсіндіру жұмыстары арқылы іске асыру керек.
Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) жөнө «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді.
«Бүгінде ғаламшарды айналған озон қабатының бұзылуы, әлем мұхиттарындағы судың ластануы, жердің ластануы, топырақтың құнарсыздануы, биологиялық тіршіліктің азуы және т.б. мәселелер өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта экология биологияның шеңберінен шығып, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды», деді кездесудегі сөзінде президенттікке кандидат. Содан кейін ол экология «адам – табиғат» проблемасын зерттеуде күрделі әрі ұзақ жолдан өткенін атап көрсетті. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар екеніне назар аударды. «Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын айқындап, Жер жүзінде өз жаратылысының мәнін түсінуге мүмкіндік алды.
Қазірде экологияны «адамзаттың жеке үйі» – биосфера туралы, оның ерекшеліктері, адаммен қарым-қатынасы және байланысы, ал адамның жалпы қоғаммен байланысы туралы ғылым деп те атап жүр», деді Ә.Құсайынов. Ол экология биология шеңберіндегі дербессіз пәннен кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық мазмұны бар заманауи экологияға айналғанын да атап өтті. Бүгінгі күні экология тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы туралы биологиялық ғылым деген бастапқы түсінігінен алшақ бірнеше ғылыми салаларға және пәндерге бөлінетінін көлденең тарта келіп:
– Қазіргі заманғы экология тек биологияның ғана емес, жалпы, жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен дараланып шықты. Заманауи экологияның идеялары мен қағидалары дүниетанымдық мазмұнға ие, соның негізінде экология адамзат және мәдениет туралы ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ, философиямен де тығыз байланыста. Жүз жылдан астам тарихы бар ғылымның осыншалықты өзгеріске ұшырауына қарап, заманауи экология серпінді дамушы ғылым деген қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |