Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы


Тақырып 4. Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің практикалық жұмыстардағы мазмұны



бет10/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
1-лекция

Тақырып 4. Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің практикалық жұмыстардағы мазмұны.
Дәріс тезистері. Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің практикалық жұмыстардағы мазмұны. Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесін қарастыру. Қоғамның экологиялық мәдениеті. Қоғамдағы экологиялық сауаттылық. Халық арасында экологиялық білім
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Экологиялық проблемалар және оларды болдырмаудың алдын - алудың жолдарын іздестірудің өзектілігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1992), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен. «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы» (2002), «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (2006) сияқты ресми құжаттар дәлел бола алады.
Бүгінгі таңда экологиялық білім мәселесіне қазақстандық ғалымдар да зор көңіл бөліп отыр. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері Н.С. Сарыбеков, А.С. Бейсенова, М.Н. Сарыбеков, М.А. Лигай, Г.К. Ділімбетова, Ұ. Есназарова, Ж.Ж. Жатқанбаев, Ж.Б. Чилдибаев, А.Г. Сармурзина, А.К. Сатынская және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде экологиялық мәдениет, тәрбие проблемалары сан қырынан көрініс тапқан.
Тұтастай алғанда, жоғарыда қарастырылған зерттеулердің бағыттарына және білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалық тәжірибеге қарамастан, сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесінің әлі де болса шешімі табылмағандығына көз жеткіземіз. Қоршаған ортаны қорғауда балалардың әкологиялық мәдениетін жастайынан қалыптастырудың әлеуметтік мәні зор. Сондықтан бүкіл халық, қоғамның барлық әлеуметтік салалары, соның ішінде мектептен тыс ұйымдар, сыныптан тыс жұмыстар экологиялық саясатты жүзеге асырудан сырт қалмауы тиіс.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді сыныптан тыс тәрбие процесінде, мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыруға арналған еңбектер (Е.В. Экзерцева, Е.Г. Шаронова, Н.Л. Панченко, К.Ж. Бұзаубақова, Ш.Ж. Арзымбетова, Ж.Р.Жексембаева және т.б.) біз үшін қызығушылық тудырды. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда: көркем шығармаларды (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г. Кезин), халық білімдерін (Н.Ш. Блягоз), халық дәстүрлерін (Ю.Ф. Виноградов, Т.Д. Замбалова), халық педагогикасын (Н.С. Иванова, З.А. Хусаинов, С.Н. Черябкина, Ш.И. Джанзакова, Н.Т. Есеналина, Б.Х. Қойбағарова, А.Б. Айтжанова және т.б.) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытында орындалған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың экологиялық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттігі мен мектепте, мектептен тыс» ұйымдардың экологиялық тәлім-тәрбие берудегі қызметінің жан-жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда мұғалімдерге арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама-қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады.
Ежелгі дәуірден-ақ адамзат баласы өзін қоршаған ортаның, табиғаттың құпиясын танып-білуге, адам мен жаратылыстың өзара қарым- қатынасын ұғуға ұмтылды. Өздерінің тіршілік етуіне негіз болатын материалдық игіліктерді еңбек процесі арқылы ала отырып, табиғатқа әсер етуді, өзгертуді үйренді. Табиғаттың байлығын игерді, ол үшін түрлі техника жетістігін қолданды. Сөйтіп, жер шарының тіршілігі бар ортасы-биосфераны толық меңгерді.
Экология - организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы, өзара қарым-қатынасты зерттейтін дербес ғылым ретінде XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптасты. «экология» терминін алғаш рет неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы»., еңбегінде ұсына отырып, оның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердің әволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралғандығын дәйектейді.
Жалпы Қазақстанның өсу жағдайы әлемдік деңгейге сай келу үшін, өндірістің ғылым мен техниканың дамуы қажет екені белгілі. Ал, бұлардың өркендеуі табиғаттың сан түрлі салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалануды талап етеді. Бүгінгі таңда өндірістің дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаның ластану проблемасын тудырып отырғаны жасырын емес. Қазақстан республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында экологиялық апат аймақтарына мынадай сипаттама берілген: «Егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі нұқсан келтірілсе және табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі азып – тозса, экологиялық ахуал төтенше аймақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланды». Бүгінгі таңда Қазақстанда екі аймақ - Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны ресми түрде экологиялық апат аймағы болып жарияланған. Елдегі экологиялық проблемалардың ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыда өзекті болғандығы соншалық Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты даму жөніндегі Нью-Йорк конференциясында (маусым,1997) Қазақстан Республикасының, Президенті адамзаттың ғаламдық проблемаларының Кадастрын жасауды ұсынған болатын. Бұл кадастрға Арал өңірі мен Семей полигонынан басқа, еліміздің басқа да бірқатар экологиялық проблемаларын қосуға болады. Еліміздің ұлттық доктринасында республикамыздың экологиясы әлсіз деп танылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының экологиялық, қауіпсіздігі туралы ел президенті 1997 жылдың 30 сәуірінде бекіткен мемлекеттік тұжрымдамада қазіргі және болашақ ұрпақтардың стратегиялық мүдделерін ескере отырып, табиғатты пайдалануды кезең-кезеңімен экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Осы стратегия басшылыққа алына отырып, қоршаған ортаны қорғау туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Қонститутциясына негізделеді және «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы», «экологиялық сараптама туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» туралы Қазақстан Республикасының Заңдарынан, Қазақстан Республикасының Орман және су кодекстерінен, Республика Президентінің «Жер туралы», «Жер қойнауынан және жер қойнауын пайдалану туралы» бірегей заң күші бар жарлықтары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарда реттейтін басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Жалпы адам баласының табиғатқа жасаған өзгерісінің ауқымдылығы табиғат тепе-теңдігінің кері ауытқушылығын тудырады. Ұзақ уақыт бойы адам табиғат байдықтарын үздіксіз әрі қайтарымсыз пайдаланып, оның азаюына, тіпті жойылуына жол беріп алды.
Адамда табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болса, оның ең негізгісі әрине, әлеуметтік сипат. Себебі, адам мен қоғам бірлікте. Адам-ақылы мен анасы жетілген, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, ішкі дүниесін танып - игеруге қабілетті тұлға.
Ертедегі шығыс дүниетанымының қалыптасуы екі мәселе төңірегінде топтасты. Бірі - аспан, көк, ай, күн, жер, олардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы болса, екіншісі -адамгершілік, адамдық қатынас жайында орныққанды. «Таным -философия ілімінде түбегейлі орын алатын, үлкен мәнге, ие, материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған проблема. Таным-адам санасын дамытудың негізі». Таным объектілеріндегі адамның практикалық әрекеті дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды мақсатты түрде өзгертуге бағытталған қызметі. Бұл іс-әрекет, ғылыми ізденіс пен тәжірибе арқылы жүзеге асып отырады. Байқап отырсақ «Адам-қоғам-табиғат» үштігі, өзара тығыз байланыста екен. Адам ғылыми теорияны, білімді меңгере отырып, айнала қоршаған ортаға, қоғамға ықпал етеді, өзгертеді, тіпті билік те жүргізеді.
Әрбір мемлекет, қоғам, халық өзінің тарихи әлеуметінде түрлі кезеңдерден өтетіні белгілі. Осындай процесс барысында қоғамдық қатынастардың жүйесі стихиялы түрде белгілі бір өзгерістерге түсетіні хақ. Ғылымда бұл мәселелерді формациялық немесе өркениеттік парадигмалар тұрғысынан қарастыру дәстүрі орын алған.
Жалпы саяси мәдениет пен сана туралы айтқанда адам факторын, яғни адам дүниетанымы мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Шын мәнінде әлемде қанша адам болса, сонша көзқарастар мен дүниетанымдар бар. Сол сияқты әр халықтың, ұлттың өзіне тән дүниетанымы болатыны заңды. Егер белгілі бірұлтты бір бірімен тығыз генотиптік және басқа да байланыстармен шырмалған жеке адамдар қауымдастығы десек, онда саяси сананың күрделі әлеуметтік құбылыс екендігі күмән туғызбайды. Демек, қазіргі кезде адамзат дүниетанымын батыстық және шығыстық деп екіге бөлуге болады. Бұл стереотиптерге адам факторы тұрғысында түсінік беру үшін әлемнің екі ұлы классиктері - И.Кант пен Ф.Ницшеге жүгінейік. И.Канттың категориялық императиві тұрғысынан алғанда «адам құрал ретінде емес, үнемі мақсат тұрғысында қалыптасу керек». Яғни бұл батыстық дүниетанымның негізінде жасалған тезис. Шындығында да Батыс қоғамдарында Жаңа дәуірден бастап, қай мәселеде болмасын адам факторы ерекше орынға ие. Ал, Шығыс қоғамдарында керісінше, мәселенің шешімінде адамның жеке ролі төмендетіледі. Бұл ретте Ф.Ницше былай деп анықтама береді: «Адамда ең мәндісі мақсат емес, оның өткені мен бүгінді жалғастыратын көпір екендігі: адамды сол үшін де жақсы көруге болады».
Тағылық немесе артта қалушылық туралы идеялардың өзі уақыттың тек синхронды шкаласын қолданудың нәтижесінде, яғни жасы жағынан түрліше адамдарды, халықты құрдас ретінде қараудан туып отыр. Алайда, бұл әдістің ешқандай мәні жоқ, өйткені бұл бір мезгілде профессорды, студентті және мектеп оқушысын салыстырғанмен тең деген Л.Гумилев пікірін мойындамау мүмкін емес. Қазақстан өз тарихында белгілі формациялық кезеңдерді толық бастан өткермесе де, қоғамдық жүйенің түбегейлі өзгерістерін кешкені анық. Ішкі, көбінесе сыртқы факторлардың әсерінен болған бұл өзгерістер арқылы қазақ қоғамының тек саяси, әлеуметтік, экономикалық бағдарлары ғана ауысып қоймай, сонымен қатар дүниеге деген көзқарасының да терең өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Егер XV ғасырда қазақ ұлы болып қалыптасып, Ұлы далада өзінің тарихи орнын айқындаса, кейіннен Ресей, Қытай секілді елдермен қарым-қатынас жасап, батыс пен шығыс мәдениетін бойына сіңіре білді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық руханиятты қайта түлету үрдістері ерекше белсенділікпен жүріп, одан кейінгі кезеңдері біраз бәсеңдеді. Оның орнына батыстық құлдылықтардың әталон қызметін атқаруы эшілеп, нарық экономикасының бірден-бір талабы ашық қоғамға ұмтылыс кезге түсті. Бұл процестердің өз деңгейінде реттелмеуі, қоғамдағы дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы тірестің тууына, ал ол өз кезегінде қоғам санасында қайшылықтардың пайда болуына әкеп соғады.
Қазақстан Республикасын негізінен қазақ ұлты құрайтындығын, оның осы аймақты мекен еткен халықтардың еркімен құрылған мемлекет екенін, ескерсек, онда қазақтарды этногенотиптің шығыс жарты шарына жатқызуға болады. Мәселенің даулы екендігіне қарамастан, қазақстандық қоғамға шығысты ойлау тәсілінің кейбір өркениеті кеше ғана пайда болған Еуропаға қарағанда, мыңдаған жылдық тарихы бар шығыс өркениетімен көп ғасырлар бойы тығыз байланыста болған кешпенділер үшін Азия өмірі беймәлім деуге болмайды.
Бәрімізге белгілі болғанындай, қазақ халқының пайда болуына әсер еткен этногенетикалық үрдістердің түп-тамыры ежелгі дүние тарихынан бастау алады. Бұл үрдістер ықылым заманнан бері Орта Азияның кең даласындағы этникалық және саяси қатынастардың даму ерекшеліктерімен қатар өзгеріп отырды. Тарихтың әр кезеңінде Қазақстан аумағында пайда болып немесе жойылып отырған әтникалық топтар мен тайпалар, кейіннен қазақтардың өмір салтына айналған, көшпелі мал шаруашылығының тұрақтынуына әкеліп соқты. Әрине еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында егіншілікті кәсіп өткен, отырықшы аудандар болды. Алайда, бұл жерлерді, қоныстанушылардың өзі, көршілес көшпелі өмір салтының ықпалында қалды.
Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас бір-бірін толықтырып отырады. Тіпті олардың арасындағы қатынастарды нақты түсіну үшін географиялық орта деген ұғымды қолдануға болады. Біз осы ортаға байланыстымыз әрі қоғамдық өмірге қажеттінің бәрін ортада өндіреміз. Қоғамдық әмірдің дамуының қажетті табиғи жағдайларының бірі - ел, халық, атамекен. Бұл ұғымдар әлеуметтік заңдылықтарға бағынады. Адам орта ғасырлық қараңғылық пен шырмаудан шығысымен, енді өз мүмкіндігін байқап, білуге ұмтылды, шығыстың ғұлама ойшылы, философы Әль-Фараби ертедегі ежелгі ғылыми табыстарды қабылдап, грек ғалымдарынан үлгі алып, олардың ғылымын дамытып, сол үшін екінші ұстаз атанғаны белгілі. Мәселен, ол Сократтың, Платонның, Аристотельдің барлық ғылыми салаларын -математика, физика, музыка, философия, логиканы жоғары сатыға көтерді. Оның айтуынша адам бойында үш қабілет ерекше жаралған. Олар - дене құрылысы, жан құмарлығы, ой парасаты. Осы қасиеттерді дұрыс жолға қойып, тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтиже шығаруға болады. Табиғат пен оның зерттеу процесі адам болмысын ашуға септігін тигізді. Адамның зердесі өзінің ұшан-теңіз мүмкіндігімен, шығармашылық қабілетімен танылды.
Зердені ғылыми негізде түсіну табиғаттың сырын ашуға, әсіресе, жаратылыстанудың негіздерін дамытуға, таным теориясын адам өмірінің кейбір салаларымен байланыстра зерттеуге жол ашты. Табиғатты барлық жағынан зерттеп, игеру қолға алынды. Табиғатты зерттеуде жаратылыстану ғылымы одан әрі өркендеп, адам баласы дүниені меңгеруге кірісті. Табиғат өзінің дамуында «ең құдретті» қасиетіне ие бола отырып, адамды, оның ақыл-ойын қозғады. Осыған байланысты адам және оның мәні табиғаттың заңдары арқылы түсіндірілді. Бұдан келіп, табиғатты зерттеген жаратылыстану, экология, дүниетаным ғылымдары дамып, бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізді.
«Қоғам-адам-табиғат» арасындағы мақсатты байланыс пен сәйкестік әрине білімді, ақыл мен сананы қажет етеді. Табиғат пен білім мәдениет арақатынасы-адамдар қызметінің жемісі. Олардың қарым-қатынасының өз тарихы бар.Себебі табиғат білім мен мәдениет дамуының алғы-шарты бола отырып, олардың табиғи процестерге тікелей араласуынан көркеюі немесе құлдырауы мүмкін. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік әр кез есте болу керек.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамның білім мен мәдениет дәрежесін анықтауға болады. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан мемлекетінің барлық саладағы бет-бағдары өзгеруде. Соның ішінде білім мен біліктілік қазіргі заманда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Көптеген елдерде жаңа индустриялық қоғам үшін адамды дамыту, оның қабілетін арттыру бағдарламалары қабылданды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, Жапонияда, басқа да дамыған елдерде экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық бағыты, жаңа философиясы қалыптасты. Оның шешуші ролі адам екені анықталды. Тек қана дамыған елдер ғана емес, артта қалған елдер де халыққа білім беру көптеген әлеуметтік қайшылықтар мен қиындықтарды шешіп, одан шығудың бірден-бір тиімді жолы екенін түсіне бастады. Яғни, қазіргі басты талап - еліміздегі білім беру жүйесін дамыту, жаңарту, озық елдердің деңгейіне жеткізу. Әлем кеңістігінде адам дүниетанымы, білімі мен ой-санасы жоғары болуы керек. Қазіргі уақытта әр түрлі оқу және мекемелерінде өзгерістер жүріп, оңтайлы технологиялық процестер өтуде. Талап етілетін білім мен, дағдыны толық әрі терең игеру үшін қажетті үздіксіздік принципі, оқытуды мектепке дейінгі тәрбие мекемесі-мектеп-жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мектепте тек білім мен тәрбие ұштастығы ғана емес, оның қоғамдық пәнаралық ықпалдығы да сақталу қажет. Ол төменгі сыныптан басталу керек. Оқушының бастауыш сыныптағы дағдыларды түрлендірілгең, жан-жақты болуы шарт. Себебі бастауыш сынып-оқушының қалыптасуындағы алғашқы басқыш. Бұл жастағы жеткіншектер мектепке дейін қалыптасқан мынадай білім-икемділіктерін бекіте түседі:
- тану, айналаны бақылау, зат, құбылыстарды байқау;
- көрген - білгендерін естерінде сақтау, одан алған әсерлерін бөлісу, айту;
- табиғатқа, айналасына деген алғашқы эстетикалық сезімдерінің, қызығушылықтарының оянуы. М. Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде: «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі пән құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесінің түгел болғаны», - деп тәрбие ұғымының мәнін кең түрде көрсетеді.
Жеткіншек - тәрбие процесінің субъектісі. Ол қоршаған ортаның әр түрлі жағдайын,сол жағдайлардан (туған ықпалдарды өзіне қабылдап отырады. Сондықтан жас кезінен балаға дұрыс таным - түсінік пен тәрбие берудің мәні зор. Бұл үшін педагогикалық қарым - қатынас жасау қажет. Бұл ұтымды болу үшін балалардың қызығушылығы ескеріліп отырылу керек. Яғни, баланың сенімді, сергек, ынталы, сыйластығы мен мейірімі мол болу үшін, соған бағыттайтын әрекеттер жасалуы шарт.
Баланың мектептегі болашақ өмірі әрі мазмұнды әрі қызғылықта өтетін болса, бала өзінің ақыл-ойы мен білім-тәрбиесін қалыптастыратын қолайлы ортаны тапқаны. Бала өзінің жалпы интеллектуалдық қабілетін яғни, оқу, жазу, есептеу, бейнелеу, еңбек, ұжым, секілді ұғымдарды мақсатты түрде игере бастайды. Бала қабілеті білімді, дағдыны, шеберлікті игерудегі бойындағы ерекшелік болса, оны жас кезінен жетілдіру, оның келешегіне жол ашады. Бұл ретте Л.С.Выготский: «Педагогика бала дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесіңде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады», - дейді. Білім беру мен тәрбиелеу, жалпы педагогикалық процесс тұтастай алғанда, өзінің әлеуметтік қалпын сақтады. Оқушы бастауыш сыныпта оқу процесіне оқушылық өмірге дағдыланады яғни, бұл сыныпта оқушы оқу, біліммен қатар, психологиялық және әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейіне жетуі керек. Атап айтқанда:
- оқи білуі, оқу - танымдық әрекеттің бастапқы тәсілдерін меңгеруі, оларды жетілдіріп, байытуға талпынуы;
- оқуға деген ынта-ықыласы мен қабілеті;
- ерік - жігерінің жеткілікті болуы, яғни түрлі міндеттерді шешуге деген ұмтылыс;
- өзінің көпшілік, ұжым алдындағы парызын ұғынуы;
- ұжымда болуға, ұжымдық таным мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысудағы белсеңділігі.
Қоршаған ортаны қорғау мен жақсартудың әдіснамалық негізі ретінде мынадай бес қағиданы атауға болады:
1) материалистік әлемде барлығы өзара күрделі қарым-қатынаста, сондықтан оларды өзгерту бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады;
2) табиғатты қорғау материалистік дүниеде қарым-қатынас пен өзара әсер ету заңдылықтарын қолдануды қажет етеді;
3) адам мен қоғам - тірі табиғат эволюциясының нәтижесі, сондықтан олар табиғаттан еш ажырамайды;
4) адам мен қоғамға зиянын тигізетін биосферадағы өзгерістер, ғылыми-техникалық прогрестің емес, қоғам мен табиғатты реттеудегі шаралардың жетіспеушілігі әсерінен туындайды;
5) қоғамның даму қарқынына табиғаттың әсері болады, алайда қоғамдық қатынастар сипатына табиғаттың әсері жоқ.
Осындай әдіснамалық негізден, әр жастағы, әр кәсіби деңгейдегі адамдарға нақты, анық, ғылыми негізделген білім беруге болады. Әрине, экологиялық білім дара жүргізілмек емес. Ол адам санасы, тәрбиесі арқылы ұштастырыла беріледі.
Философтар адам санасы объективтік дүниенің айнаның бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймай, оған әсер ететіндігін де айтады. Қоғамдық сана қарапайым және теориялық саналардың диалектикалық бірлігін құрайды. Қарапайым сана күнделікті өмірден, ғасырлар, жылдар бойғы, үйреншікті қайталудан тұрады. Яғни, сананың бұл түрі күнделікті өмір тәжірибесінен туындайды. Қарапайым сана табиғат пен өмір құбылыстарын күнделікті байқаудан, бақылаудан тұрады. Ал, бұдан жоғары тұрғаны - теориялық сана. Ол жасап тарататындар дайындығы бар, білімді адамдар. Өмірдегі барлық өзгерістер алдымен қарапайым сана арқылы бейнеленеді. Ендеше, бастапқы экологиялық білім мен тәрбиенің негізі мектепке дейінгі бүлдіршіндерден басталғаны абзал.
Мектептің бастауыш сыныбында оқушылардың қоршаған орта жөніндегі түсінік - танымы кеңейе түседі. Оқушылар әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылысын бақылап қана қоймай, құстар, дала аңдары туралы өсімдіктер мен ағаштар жайлы, ауылшаруашылық саласындағы жұмыстар туралы, адамдардың еңбегі туралы кең түрде түсінік болады. Мұғалім қоршаған орта жөнінде көбірек әңгіме өткізеді. Экскурсияға шыққанда, табиғат бұрышында, еңбек учаскелерінде табиғат өзгерістерімен бірге, адам еңбегін де бақылайды.
Қыстың суығында құстар мен аңдардың қалай тіршілік ететінін, оларға қалай қамқорлық жасау керектігі айтылады. Бұдан оқушы санасында табиғатқа, андар мен құстарға жәрдемдесу керектігі туралы ой туындайды. Сонымен қатар, оларды қорғап, айналаны таза ұстау керектігіне дағдыланды. Әрі қоршаған орта әсемдігін танып-біледі.
Адамның қоғамдық игілікті әрекеті аумағында ғана табиғат «жандандырьшған» - әлеуметтік-қоғамдық сипат алған адамзаттық табиғатқа айналады. Адам дүниені зерттеп игеру арқылы таниды. Бейнелеу дегеніміз -жаратылыстың жасампаздық мүсінін, сыр-сипатын қалтқысыз серіну, жаңғырту. Бұл тұрғыдан таным жолы жігі жазылмайтын жұптастық: табиғат әлемінің нақ шындығы, адамның сана - сезімі, талап-талғамы, ерекшілігімен қашан да тығыз байланысты.
Адам әдетте төңірегін талғап, таразылайды. Таным жүйесінде табиғи, адамзаттық, ақиқаттық қасиеттер бірегей жарастық тапқан.
Қазіргі кезеңде таным нысанасы ретінде табиғат пен тамырластық біршама жаныма сипат алғандай. Қуатты зерттеу құрал-жабдығы, белгілі бір қалыптар, робот, электроника дүние құбылысын байырғы түйсіну, қабылдау тұтастығын біршама сейілте бастаған сияқты. Ғылыми-техникалық қарқын әлем тану ілімдерінде ғажайып өрлеу туғызумен бірге, бірыңғай логикалық-есептеу аспаптарына өз тізгінін еркін ұстатып, әр құбылысты бөлшектеп жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет