Ұлпаларды біріктіру. Операцияның екінші кезеңі тілінген ұлпаларды біріктіру. Ол ұшін негізінен хирургиялық тігістер пайдаланылады. Сондай ақ осы мақсатта биожелімдер, темір ілмектер пайдаланылуы мүмкін Биожелімдер тігіс салуға болмайтын өкпе, бауырға операция жасағанда олардың кесілген жерлерін біріктіруге пайдаланылады. Хирургиялық тігістер салу үшін әртүрлі (түзу, имек) және әр размерлі (ірі малдың терісін тігетін, ішек инесі, көз инесі) хирургиялық инелеі пайдаланылады. Олармен тігістер ине ұстағыштың (Матье, Троянов, Гагар) көмегімен салынады. Арнайы иенелер де пайдаланылады. Оған біз инені, Дашен біз инесін, атравмалық инені жатқызамыз. Тігістер хирургиялық тігіс жіптерімен салынады. Олар синтетикалық, жібек және кетгут жіптер. Соңғысы тігілген ұлпаларға сорылып кететін қасиетіне байланысты тері астындағы терең ұлпаларды және ішкі ағзаларды тігу үшін пайдаланылады. Соңғы кезде «поликон» деп аталатын әмбебап синтетикалық жіп пайдаланылуда. Тіліктерге салынатын тігістердің негізгі екі түрі бар.
Үзік тігістер;
Үздіксіз тігістер.
Біріншісіне жатады: түйін тігіс, ілмек тігіс, белдемше тігіс. Екіншісіне жатады: жөрмеу тігіс, бүрме тігіс, ішек тігістері (Ламбер тігісі, Шмиден тігісі, екі қатарлы Пирогов тігісі, Черни тігісі).
Хирургиялық тігістерді байлау үшін хирургиялық және теңіз түйіндері пайдаланылады.
Қорытынды: Мал дәрігерлік хирург тек қана әр түрлі хирургиялық жұмыстың
техникасын игеріп коймай, ең бастысы "дәрігерлік ойлануда" физиологиялык ойланумен бірге анатомиялық техникасын жүргізу керек.
Оператнатік жұмысты жүргізу барысында хирургта өнердің элементтері болғаны жөн. Осы өнерді жүзеге асыру үшін, хирург алуан түрлі инструмент құрал саймандарды қолданып, жетік білу, кесіліп жатқан тірі ұлпаларға тиімді, аяулы қарап, қиын жағдайда тез дұрыс шешім қабылдап бірқалыпты жұмыс жүргізе білуі керек. Мал дәрігерлік хирургтің басты жұмысы қажет болған жағдайда жануарды тірі алып қалу үшін оперативті араласу қажет болғанда өте ұқыптыы жұмыс жасау. Алдындағы жануардың ұлпаларын ажыратудың техникасын,маңызды органдарды жарақаттап алмау үшін организмнің топографиялық-анатомиялық құрылысын жақсы білуі, хирургиялык құралдармен жұмыс жасап, қолдану әдістерін жақсы меңгеруі керек
Достарыңызбен бөлісу: |