Cкaльneльды ұcmay әдicmepi. Бeткeйлiк, ұзын, бipaқ тepeң eмec тiліктердi жaсағандa cкaльпeлдi қoлдa сабынан қаламсап ұстағандай ұcтaйды. Ал тығыз, серпімді ұлпаларды тілгенде сұқ саусақпен жүзін үстінен баса ас үй пышағын ұстағандай ұстайды. Тері астындағы ұлпаларға терең тіліктер жасағанда скальпелді семсер ұстағандай ұстайды. Қалың теріні, сіңірді кесу үшін резекциялық деп аталатын ұлкен скальпельді ас үй пышағынша ұстап пайдаланады. Сондай –ақ хирургиялық тілікткрді кеңейту үшін, әр түрлі пішін беру үшін түзу және қисық қайшылар, ішек қайшысы және тағы басқа арнайы құралдар пайдаланылады (кюретка, жарақат қысқышы, доғал және өткір жарақат ашқыш ілмектер, сүйек тескіш трепандар, сүйек кесікіш аралар, қабырға қайшысы тағы басқа арнайы құралдар).
Тiлiктердi opындay тәсілі. Теріні тілгенде ең алдымен оның қозғалуын, жылжуын болдармау керек. Ол үшін хирурғ сол қолының саусақтарымен оны бекемдейді. Тері астындағы ұлпалар жік- жігімен тілінеді. Құрсақ және кеуде қуыстарын тіліп ашқанда теріні, оның астындағы ұлпаларды тілген соң қуыстакрдың ішкі сірі қабықтарынан алдымен абайлап кішкене тесік жасап алып, оған темірден жасалған арнайы өзекті зонды енгізіп сол арқылы тілік кеңейтіледі. Одан әрі саусақты енгізіп ішкі ағзалаға скальпелді тигізіп алмай тесікті қажетінше кеңейту керек.
Операция техникасын орындау. Хирург операция тілігін жасағаннан кейін тікелей операция техникасын орындауға кіріседі. Мақсаты мен міндетіне, сыртқы ағзаларға немесе ішкі ағзаларға жасалатынына байланысты операция техникалары әртүрлі болады. Оар бас аймағына, кеуде аймағына, құрсақ аймағына, аяқтарға және жыныс мұшелеріне жасалатын операциялар деп бөлінеді. Мысалы бас аймағына жасалатын операцияларға жануарлардың құлағын кесу, мүйізсіздендіру, айналмағға операция жасау, көзге операция жасау. Соның ішінде көзге жасалатын операциялардың өзі мақсатына байланысты әртүрлі техникамен орындалады. Мысалы: Көздің бұршақ денесін сылып алып тастау немесе көз алмасын тұтас сылып алып тастау операциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |