VERIFY - Дискіге жазу кезінде тексеру режимі. Ол көшіру командаларын дұрыс орындалуын қадағалайды және сол үшін қызмет етеді.
- Мысалы: VERIFY - тексеру режимі қандай қалыпты тұрғанын анықтайды. VERIFY ON - тексеру режимін қосады. VERIFY OFF - тексеру режимін өшіреді.
LABEL - Дискіге белгі салу командасы. Команда орындалу форматы LABEL [диск]:
- Мысалы: LABEL а: - «а» дискісінің белгісі қандай екенін айтады.
DISKCOPY - флоппи-дисктін ішіндегілерді басқа дискке көшіруге арналған команда. Команда орындалу форматы: DISKCOPY [диск1:] [диск2:] [/I]. Мындағы бірінші және екінші тік жақшадағы параметр, ал үшіншісі кілт.
- Мысалы: DISKCOPY А: В: - «а» дискіндегіні «в» дискісіне көшіру.
CHKDSK - дискідегі коррекциялық қатені, файлдық структорыны тексеруге арналған команда. Команда орындалу форматы: CHKDSK [диск:] [/параметр]. CHKDSK командасының параметрлері: /F - дискідегі қателерді түзейді. /V - тексеріс кезіндегі әрбір каталогтагы файл атын экран бетіне шығарады.
RECOVER - дискідегі ақпараттарды қалыпқа келтіруге арналған команда. Орындалу форматы: RECOVER [диск аты] [каталог жолы] [файл аты].
PARK - Қатты дискіні дербес компьютер жұмысын аяқтауға дайындау командасы – PARK
- MS DOS дистрибутивті дискінде io.sys, msdos.sys файлдары, command.com командалық процессоры, ОЖ сыртқы командалар файлы (олар format.com, fdisk.exe және т.б), драйверлер және басқада файлдар орналасқан.
MS DOS операциялық жүйесі дискінің түпкі каталогында немесе С:\ дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады: - - BIOS - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу - шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу - шығаруға байланысты ОЖ-нің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |